Ұлытау облысында мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды есепке алу карточкасын толтыру тәртібі түсіндірілді

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды есепке алу карточкасын толтыру тәртібі түсіндірілді
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды есепке алу карточкасын толтыру тәртібін түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастырды.
 
Аталған шараға облыс әкімі аппаратының, сондай-ақ қала мен аудан әкімдіктерінің кадр қызметкерлері қатысты.
 
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры А. Өмірзақов ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылғандар мен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алу карточкаларын толтыру тәртібін жан-жақты түсіндірді.
 
Іс-шараның мақсаты – кадр қызметкерлерінің заң талаптарын мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету және есепке алу рәсімдерінің бірыңғай тәртібін қалыптастыру.
#ЗакониПорядок #Заңментәртіп