ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ТАСБҰЛАҚ ДЕМАЛЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ТАСБҰЛАҚ ДЕМАЛЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Ұлытау ауданында «Тасбұлақ» демалыс орны ресми түрде пайдалануға берілді. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен жүзеге асып отыр.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіров қатысып, нысанның ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, мұндай ерекше демалыс орнының маңыздылығын атап өтіп, аудан тұрғындары мен қонақтары үшін таптырмас демалыс орны болатындығын жеткізді.

Демалыс орнының аумағы - 600 шаршы метрден астам. Аталған орында жасыл желектер, ағаштар отырғызылып, толық абаттандырылған. Сондай-ақ Ұлытаудың тарихын айқындайтын белгі тас орнатылған.