САПАСЫЗ КЕЛГЕН ЗАТТЫ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ

САПАСЫЗ КЕЛГЕН ЗАТТЫ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ

Ас бөлмесіне қажетті құралдардың бірі миксер екендігі белгілі. Осы орайда,  Ұлытау облысының сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне Сәтбаев қаласының тұрғыны келіп шағымданып келеді.

 Ол интернет арқылы құны 65 990 теңге тұратын миксерге тапсырыс береді. Артынан аталған жабдықтың дұрыс істемеуіне байланысты сатушыға шағымданып, наразылығын жазбаша жолдайды. Алайда, сатушының жауабына қанағаттанбаған ол сотқа істі жолдауға  құжаттарды рәсімдеу үшін Департамент қызметкерлерінен көмек сұрап келеді. Жан-жақты заң аясында кеңес берген уәкілетті органның қызметкерлері соттта үшінші тұлға ретінде қатысады. Тұтынушы құқығы қорғалған сот процесінде сот сатушыға аталған құрылғының қаражатын толық қайтаруы бойынша шешім шығарады. Қазіргі уақытта қаражатты қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.