Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Сәтбаев қаласының тұрғыны Жүрсін Тайғараев «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» ведомстволық медалімен наградталды.
Награда екі баланы құтқару кезінде көрсеткен батырлығы, табандылығы және жоғары азаматтық жауапкершілігі үшін берілді.