2025 жылдың 23 мамырында Ұлытау облысының барлық өңірлерінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында түрлі бағыттағы экологиялық іс-шаралар өтті. Бұл бастаманың басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, тұрғындардың экологиялық санасын арттыру және табиғатқа деген қамқорлықты насихаттау.
Облыс орталығы Жезқазған қаласында халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында жастар мен еріктілер тұрғындарға брошюралар мен буклеттер таратты. Олар тұрғындарға қайта өңдеу, энергия мен суды үнемдеу, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамдық орындардағы қоқыстардың алдын алу бойынша кеңестер берді.
Сәтбаев қаласында индустриалдық колледжде " Біздің мақсат - Таза Қазақстан "тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды. Ашық сабақтың мақсаты – студенттердің бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау үшін жауапкершілік сезімін арттыру, туған жерге деген сүйіспеншілік пен қамқорлық рухында тәрбиелеу. Сабақ барысында білім алушыларға қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығы, табиғатты қорғау қажеттілігі түсіндірілді.
Жаңаарқа ауданының жастары "Ардағым-ардагерім" акциясы аясында ардагерлер мен қарттар үйлерінің аулаларын қоқыстан тазартты, осыған байланысты үлкендерден алғыс алды.
Қаражал қаласы мен Ұлытау ауданында қала тұрғындары мен еңбек ұжымдары басты көшелер мен саябақтарды, скверлерді тазартты. Сондай-ақ, аталған өңірлердің тұрғындары өз аулаларында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды рұқсат етілмеген полигондардан арнайы полигонға шығарды.
«Таза Қазақстан» аясында Ұлытау облысы бойынша 2025 жылдың 5 сәуірі мен 31 мамыры аралығында абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша көктемгі екі айлық жарияланды. Қазіргі таңда 33 мыңнан астам адам, 1222 ұйым мен кәсіпорын жұмылдырылды, 558 бірлік мамандандырылған техника тартылды, 2 934 тонна қоқыс шығарылды, 5 710 гектар аумақ тазартылды, 10 223 ағаш отырғызылды.
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана