2025 жылғы 26 қазанда өткен Ұлытау облысындағы
қалалық мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 26 қазанда Ұлытау облысында 3 сайлау округтерінде (Сәтбаев қаласында - 2, Қаражал қаласында - 1) қалалық мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 8481 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 4569 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 14 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 9.
Сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны - 2.
№6, №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттарын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 6 сайлау округі бойынша
Дастанов Батыржан Абдоллаұлы үшін сайлаушылардың 463 дауысы берілді;
Рахметов Қуандық Әжімағанбетұлы үшін сайлаушылардың 640 дауысы берілді;
Убайдилдинов Алтай Сейдазымұлы үшін сайлаушылардың 457 дауысы берілді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 112;
№ 12 сайлау округі бойынша:
Исабаев Руслан Серікұлы үшін сайлаушылардың 774 дауысы берілді;
Мамедов Самир Рафиг-оглы үшін сайлаушылардың 659 дауысы берілді;
Сейтмағанбет Талант Бейсенұлы үшін сайлаушылардың 654 дауысы берілді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 70.
№6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаражал қалалық мәслихатының депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Балдырган Бимаганбетовна Калмагамбетова үшін сайлаушылардың 42 дауысы берілді;
Жалгаскан Ахатұлы Курмансейтов үшін сайлаушылардың 338 дауысы берілді;
Әбдіғазы Нығманұлы Рақым үшін сайлаушылардың 127 дауысы берілді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 51.
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша:
Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттары болып:
№ 6 сайлау округі бойынша – Рахметов Қуандық Әжімағанбетұлы, 1977 жылы туған, «Кәсіпқорған» салалық кәсіподағының төраға орынбасары, Сәтбаев қаласының тұрғыны;
№ 12 сайлау округі бойынша – Исабаев Руслан Серікұлы, 1991 жылы туған, Шығыс-Жезқазған кенішінің жабдықтау бөлімінің басшысы, Сәтбаев қаласының тұрғыны.
Сайлау қорытындысымен №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаражал қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланды:
– Курмансейтов Жалгаскан Ахатович, 1985 жылы туған, «Қазыналы өңір» газет редакциясы ЖШС директоры, Қаражал қаласының тұрғыны.
Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы