Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды
тіркеу қорытындылары туралы
2025 жылғы 26 қазанда Ұлытау облысында 3 сайлау округтерінде (Сәтбаев қаласында - 2, Қаражал қаласында - 1) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 11 кандидаттан барлығы 1 кандидат тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінішімен кандидатурасын алып тастады, 1 кандидат сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжатының болмауы себепті кандидат ретінде тіркелмеді.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.
Тіркелген 9 кандидаттың 3 - уі саяси партиялардан, 8 - і өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Оның 8 ер адам, 1 әйел адам.
4 - кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 3–уі партия қатарында жоқ, 2-уі саяси партияға қатыстылығы туралы ақпарат көрсетпеген.
Орташа жас – 43.
6 кандидаттың жоғары білімі, 1 – арнайы орта, 2 - орта білімі бар.
Кандидаттардың 4-уі – өндірісте, 2-уі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды, 1-уі өзін-өзі қамтушы, 2 - өзге салада Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол а.ж. 25 қазанында 00.00 сағатқа дейін созылады.
Сілтемелер:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-satpaev/documents/details/903415?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-satpaev/documents/details/903416?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-karazhal/documents/details/903371?lang=kk
Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы