Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығына, «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі №26/41 қаулысына сәйкес Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссияларының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:
Комиссия төрағасы – Алмаз Серикбаевич Нысанбаев
Төрағаның орынбасары – Бахыт Рахмановна Битенова
Хатшысы – Татьяна Евгеньевна Мацедон
Комиссия мүшелері: Ирина Александровна Ким, Лаура Танибергеновна Нурланова, Изтолеу Бекенович Тусупов, Анастасия Владимировна Устюгова.
Орналасқан жері: Жезқазған қаласы, Сәтбаев көшесі 7А
Телефон: 8(7102) 72-11-04
Аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 09.00-18.30, 13.00-14.30 - түскі үзіліс.
Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы