2024 жылғы 8 желтоқсанда Ұлытау облысының 4 сайлау округтерінде (Қаражал қаласы, Ұлытау ауданында) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауға кандидаттарды тіркеу туралы ақпарат.
Сайлау науқанының барысында 12 кандидат ұсынылды. Оның 4 - саяси партиялар, 8 - өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 10 – ер адам және 2 – әйел адам.
7 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 5 – партия қатарында жоқ.
Орташа жас - 45 жас. Ұсынылған кандидаттар 1 этнос өкілінен.
9 кандидаттың жоғары білімі, 3 – орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 11 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 1 - жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.