2024 жылғы 8 желтоқсанда Ұлытау облысында 4 сайлау округтарында болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 14 кандидат ұсынылды. Оның 4 - саяси партиялар, 10 - өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 12 – ер адам және 2 – әйел адам.
7 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 7 – партия қатарында жоқ.
Орташа жас - 45 жас. Ұсынылған кандидаттар 1 этнос өкілінен.
10 кандидаттың жоғары білімі, 4 – орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 12 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 1 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 - жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.
Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2024 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 12 кандидатты тіркеді.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж.13 қараша сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 7 желтоқсан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.