
Туған күні: 1986 жылғы 23 қазан.
Туған жері: Қарағанды облысы, Теңіз ауданы, Баршын ауылы.
Ұлты: қазақ.
Білімі: жоғары.
Бітірген оқу орындары:
2005 жыл – ҚазГЗУ гуманитарлық-заң колледжі;
2008 жыл – Қазақ гуманитарлық-заң университеті;
2010 жыл – «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
2008–2009 жж. – Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы, кейін жетекші маманы.
2009–2010 жж. – Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы.
2010 ж. – Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің бас маманы.
2010–2013 жж. – Астана қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы.
2013 ж. – Астана қаласы әкімінің бас инспекторы.
2013–2016 жж. – Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы.
2016–2017 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Хатшылығының сарапшысы.
2017–2019 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2019 ж. – Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі.
2019 ж. – Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2019–2020 жж. – Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы.
2020–2022 жж. – Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі.
2022 ж. – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.
2022–2026 жж. – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2026 жылғы 17 шілдеден бастап – Ұлытау облысының әкімі.