📍Бейсенбі, 27 наурыз 2025 жыл
🔺Төрағалық етті: Қала әкімі - Шайжанов Қайрат Абдоллаұлы.
Қатысқандар: Полиция басқармасының басшысы - Хамитов Алмаз Адайұлы, кеңес мүшелері.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
🔹ҚР Ішкі істер министрлігінің адам өлтіруге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудағы мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы;
🔹Жезқазған қаласы бойынша интернет-алаяқтықтың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл атқарылып жатқан шаралар;
🔹Жастар арасында кальян тұтыну үрдісінің тарауына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар.
📌Комиссия отырысының қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты органдарға нақты тапсырмалар беріп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді шараларды күшейту туралы шешім қабылданды.