«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы

🌱 Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап Жезқазғанда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы жұмыс жасап келеді.

☑️ Мақсаты: жастарды жұмыспен қамту, қаланы абаттандыруға қатысу, экологиялық және патриоттық тәрбиені насихаттау.

👏 Жалпы, еңбек маусымы басталғалы жоба аясында Кеңгір су қоймасының жағалауы мен қала көшелерін тазалауға және абаттандыруға 50 бала қатысты.

📌Маусым айының жастары өз жұмыстарын сәтті аяқтады. Бүгін Жезқазған қаласының әкімдігінде жұмыста белсенділік көрсеткен жастар қала әкімінің және «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалы төрағасының атынан алғыс хаттармен марапатталды.