Елімізде электрондық-цифрлық қолтаңбаның жаңа түрі енгізілді

Елімізде электрондық-цифрлық қолтаңбаның жаңа түрі енгізілді

 

ЭЦҚ енді екі файлдан емес бір файлдан тұратын болады, деп хабарлады Ұлттық куәландырушы орталығында. Бұрын ЭЦҚ-ны ресімдеу кезінде қазақстандықтар екі сертификат алатын: біреуі авторизациядан өту үшін, екіншісі қызметті алу кезінде қол қою үшін пайдаланылатын. ▪️Жаңа цифрлық қолтаңбаны E-gov порталында “ЭЦҚ-ны қашықтан алу” қызметіне тапсырыс беру арқылы “Электрондық үкімет” сайтында алуға болады. Ескі ЭЦҚ мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болып қалады.