Ұлытау облысында "Таза Қазақстан"экологиялық акциясы өтуде.

Ұлытау облысында "Таза Қазақстан"экологиялық акциясы өтуде.

6 сәуірден бастап Ұлытау облысында "Таза Қазақстан"республикалық экологиялық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар өтуде.

Акция аясында облыс тұрғындары жалпы облыстық сенбілікке шықты, оған 437 еңбек ұжымынан 6 мыңнан астам адам қатысты. Сенбілікке 110 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, 470 гектар қоқыстан тазартылды. Барлығы 56 рұқсат етілмеген полигон жойылды, аулаларда жаңа қоқыс контейнерлері орнатылды.

Сонымен қатар, сенбілікте 965 ағаштың кептірілген бұтақтары кесіліп, 85 ағаш отырғызылды.

Акция аясындағы жұмыс жексенбіде де жалғасуда. Облыстың қалаларында, аудандарында ағаштарды кесу жүргізіледі, қардың еруінен бүлінген аулалар мен қоғамдық орындар қалпына келтіріледі.

Естеріңізге сала кетейік, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы 6 сәуірде басталып, 11 мамырға дейін жалғасады. Акция аясында тарихи-мәдени ескерткіштерде, ардагерлер үйлерінде сенбіліктер және жаппай ағаш отырғызу жоспарлануда.