2024 жылдың бірінші айында қызметтердің басым бөлігі автоматты түрде көрсетілді

2024 жылдың бірінші айында қызметтердің басым бөлігі автоматты түрде көрсетілді

 

 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 01.01.2024ж. бастап 01.02.2024ж. дейінгі аралықта халыққа 10,5 млн қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 4 есе көп. Оның ішінде электрондық форматта - 2 млн. астам, автоматты форматта - 8,3 млн. Күндізгі форматта 115 мыңнан астам қызмет іске асырылып, оның ішінде 107 мыңға жуық қызмет тікелей Қор кеңселерінде көрсетілді. 

2024 жылдың бірінші айында көрсетілетін қызметтер, оның ішінде автоматты режимде көрсетілетін қызметтер санының өсуі Қордың міндеттер ауқымының ұлғаюы мен халыққа көрсететін қызметтер желісінің  кеңеюіне байланысты. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы (ЖМЗЖ) енгізілгені белгілі. Осыған байланысты, агент БЖЗҚ-ға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ЖМЗЖ есепке алу үшін берген жеке тұлғалар тізімі негізінде МЗЖ аудару кезінде шартты зейнетақы шоттары (ШЗШ) автоматты түрде ашылады. 2024 жылдың қаңтар айында осындай 269 мың шот ашылды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қаңтар айында БЖЗҚ ақпараттық жүйесіне "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында есепті жылдағы нысаналы талаптардың сомасы және 6 919 131 Нысаналы талапқа қатысушы (НТҚ) бойынша инвестициялық табыс сомасы туралы деректер енгізілді. Оның ішінде 18 жасқа 2024 жылы толатын немесе толған қазақстандықтар үшін 304 815 нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) автоматты түрде ашылды.

Есепті кезеңде (01.01.2024 – 01.02.2024) зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарының, сондай-ақ, ШЗШ және НЖШ жалпы саны 598 мыңға жетті. Шоттарды автоматты түрде ашу, сондай-ақ, кәмелетке толмаған азаматтарға нысаналы талаптарды есептеу БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың дерекқорларымен кіріктірілуінің арқасында мүмкін болды. 

Есепті кезеңде ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 2,6 млн үзінді көшірме шығарылды. Оның 1,8 млн-ға жуығы электрондық түрде (үзінді көшірмелердің жалпы санының 70,3%) және 697 мыңнан астамы автоматты режимде (26,8%) берілді.

БЖЗҚ сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте салымшылардың (алушылардың) өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге өтініштің мәртебесін қадағалау, жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтерді әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 режимінде пайдалану мүмкіндігі бар. 

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға аудару немесе ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару туралы 5 мыңға жуық өтініш электрондық форматта қабылданды.

Алайда  электрондық форматта алу мүмкіндігі бар екендігіне қарамастан азаматтардың дербес алғысы келетін қызметтер де бар. Мысалы, 2024 жылғы қаңтарда деректемелерді өзгертуге 26,3 мыңнан астам өтініш беріліп, оның 22,7 мыңы Қор кеңселерінде қабылданды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызметке жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыру бойынша қосымша ақыл-кеңестер де ала алады.

БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсету бөлімдері: мобильді агенттер мен мобильді кеңсе экипаждары есепті кезең ішінде 8 мыңға жуық қызмет көрсетті. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 3 мыңға жуық көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 68 мыңнан астам адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында Қордың ақпараттық хабарламасы бойынша 3 мыңнан астам материал жарияланды.

Салымшылардан кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштердің саны - шамамен 62 мың.

             Естеріңізге сала кетейік, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым жасап, ақыл-кеңес беру жұмыстарын өз кеңселеріне барып өткізуге кез-келген компания өтінім бере алады. Ол үшін жай ғана 1418 нөмірі бойынша Байланыс орталығына қоңырау шалу немесе Қордың сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

Қордың ақыл-кеңес беру қызметтерін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боты арқылы және БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан алуға болады.    

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).