«Ақ бата» конкурсының Ережесі  

 «Ақ бата»  конкурсының Ережесі   

 

Ұлытау облыстық және Жезқазған қалалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен, Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 27 қыркүйегінде «Ақ бата» ұлттық салт-дәстүр, ғұрып конкурсы өтеді.

Конкурстың мақсаты: ұлттық салт-дәстүр, ғұрыптың бала тәрбиесіндегі, ел мен жерді сүю, туған жерді қорғау, адамгершілік ұлық мінездерді қалыптастырудағы, отбасы және Отан мәселесіне қатысты жауапкершілікті сезіне білу қасиеттерін ұштаудағы маңызын танытып, дәріптеу; бата беру, бата сұрау әдебін үйрету; «батамен ел көгерер» нақылының мағынасын барынша терең түсіндіру.

Конкурсы өткізу тәртібі:

  • Конкурсқа қатысушылардың жасына шек қойылмайды;
  • Конкурсқа топ (команда) болып та, жеке үміткер ретінде де қатысуға болады;
  • Үміткер ұйымдастырушы тарапқа алдын ала өтініш беруі қажет;
  • Үміткер өзі беретін батасының тәрбиелік мәніне және оны жатқа айту керектігіне мән беруі қажет;

Конкурстың шарттары:

  • Конкурс екі айналым бойынша өтіп, қорытынды ұпай шығарылады;
  • 1-айналымда үміткер тарихи тұлғалардың (би-шешендердің, хандардың, батырлардың, басқа да дана бабаларымыздың) батасын және ол батаның берілу себептерін баяндап, батаны жатқа айтады;
  • 2-айналымда қалаған тақырыпта жазылған өзінің батасын жатқа айтады;
  • Үміткердің қалауы бойынша батаға байланысты театрландырылған көрініс жасауына болады, бірақ ұзақтығы 3 минуттан аспауы керек;
  • Үміткер сахнаға тек ұлттық, ұлттық нақыштағы сәнді, ыңғайлы етіп тігілген киімдер киіп шығуы керек.

Жүлде қоры:

  • Бірінші орын – 100 000 теңге
  • Екінші орын – 70 000 теңге
  • Үшінші орын – 50 000 теңге
  • Арнайы сыйлық (екеу) – 30 000 теңгеден
  • Ынталандыру сыйлығы (қатысушылардың барлығына) – 15 000 теңгеден.

Өтінім  2023 жылдың 20 қыркүйекке  дейін  ak_bata_zhez@mail.ru электрондық поштасында қабылданады.

Біздің мекенжай: Жезқазған қаласының әкімдігі 3-қабат, 311 бөлме. Ережеге байланысты анықтама алу үшін төмендегі  телефондар бойынша хабарласуға болады:  +77076274989  Сабыржан Түсібияұлы, +77078100499  Гүлім Қуанышқызы

«Жезқазған қаласының мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімі