Жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі аяқталып қалды ма? Келесі нұсқаулық бойынша әрекет етсеңіз чектің көшірмесін, нарко- және псих-диспансерлердің анықтамасын, басқа да құжаттарды жинап, автоХҚО-ға барып әуре болмайсыз.
- Еgov.kz порталында кіріп, «Көлік және коммуникациялар» бөлімінен өзіңізге қажетті «Жүргізуші куәліктерін беру» опциясын таңдаңыз және онлайн тапсырыс беріңіз;
- Егер айыппұлдарыңыз болса, алдын ала төлеп қойыңыз;
- Дайын құжатты алып кетуге ыңғайлы автоХҚО-ны таңдаңыз;
- Қан тобыңызды көрсетіңіз;
- Белгілі үлгіде түсірілген фотоңызды жүктеңіз;
- Ақ қағазға қол қойып, қолтаңбаның фотосын жүктеңіз;
- Куәлігіңізде, мысалы көзілдірік секілді ерекше белгілер болса көрсетіңіз. Телефон нөміріңізді жазып, өтінішке ЭЦП арқылы қол қойыңыз;
- 1,25 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеңіз;
- Құжаттың дайн болғаны туралы sms келген соң, автоХҚО-ға барып алып кетесіз.
Жеке куәлік және ескі жүргізуші куәлігіңізді ұмытпаңыз.