ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап 20 жұмыс күні ішінде «Экологиялық электрондық геоақпараттық жүйені қалыптастыра отырып, Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданы халқының денсаулығы мен қоршаған ортасының жай-күйін кешенді бағалау» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың жария талқылаулар нысанында өткізілетінін хабарлайды.

Қоғамдық тыңдаулардың мақсаты – Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының елді мекендеріндегі қоршаған ортаның және халық денсаулығының жай-күйін кешенді бағалауды көздейтін жобаны талқылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 13 тамыздағы № 327 бұйрығымен бекітілген аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлеріне сәйкес зерттеліп отырған аумақтарды төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары деп тану мүмкіндігі туралы ғылыми негізделген қорытынды алу.

Жоба шеңберінде сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы № 1468-XII «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес аумақтарды экологиялық дағдарыс алдындағы жағдай аймағы деп тану мүмкіндігін бағалау көзделеді.

Бастамашы: Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Әзірлеуші: «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС. Өкілі: Садвакасов Е.К. sadvakasov.e@ecoservice.kz

Жобалық материалдармен танысуға, сондай-ақ өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізуге Бірыңғай экологиялық порталда мүмкіндік бар: https://ndbecology.gov.kz/

Жоба материалдары бойынша қосымша ақпаратты мына мекенжайдан және телефон нөмірі арқылы алуға болады:

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 15, «Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ. Тел.: +7 701 635 55 10. Электрондық пошта: ulytau.obl_priroda@mail.ru