Мемлекет мұқтажы үшін жер
учаскесін алып қоюға байланысты
жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды
бастау туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 84-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, «Жезқазған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №01-09/481, «Жезқазған қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 1-10/365 хаттарының негізінде Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жезқазған қаласы, Жезқазған-Қарағанды автотрассасы бойы телімі, жер телімі 524 мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 0,0144 га, кадастрлық нөмірі 25:109:051:524 жер учаскесін автомобиль жолын қайта жаңарту мақсатында мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты Молдир Абилхановна Акимованың (бұдан әрі – Меншік иесі) меншігіндегі жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылғы 14 қыркүйекке дейінгі мерзім белгіленсін.
Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін Меншік иесінің жүгінетін орны ретінде: Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары, 39А, 206-кабинет белгіленсін.
- «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күн ішінде, Жезқазған қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
- «Жезқазған қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей Меншік иесіне жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама жіберсін.
- «Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің Меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін.
- «Жезқазған қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды жүргізсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Жезқазған қаласы әкімінің
міндетін атқарушы М. Сейдахметов
Орын. Б.Омурзакова