
Әдеп жөніндегі уәкіл Р.Ш. Есмағанбетов мемлекеттік қызметшілерге заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, оның ішінде құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуды шектеу, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу және олар үшін көзделген жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік және жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлқына қойылатын әдеп талаптарына назар аударылды.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын сақтауына мониторинг жүргізіліп, еңбек тәртібін сақтау мәселелері қаралды.