“ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ” ММ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

“ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ” ММ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

     

Жезқазған қаласы                                                          22 маусым 2026 жыл

 

         «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ 2026 жылғы 12 мамырдағы № 24б  бұйрығымен бекітілген жұмыс тобы 2025 жылдың  мамыры мен                 2026 жылдың маусымы аралығында «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
         - 2026 жылғы 12 мамырдан 12 маусымға дейін.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

         1) мемлекеттік мекемінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

         2) персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, Мемлекеттік қызметтер көрсету, Бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру және ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. ЗАҢНАМАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына сәйкес заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің негізгі қағидаттары: заңдылық, объективтілік, жан-жақтылық, ашықтық болып табылады. Осы бөлімде ішкі талдау жүргізу барысы «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ өз қызметін жүзеге асыратын негізгі заңнамалық актілер: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері болып табылатынын көрсетті. «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Жезқазған қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережемен регламенттелген.

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 38 – бабына сәйкес әкім аппараты әкімнің қызметін ақпараттық – талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

          Тексеру барысы мемелекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық (яғни жекелеген жағдайларда өз қалауы бойынша әрекет ету) өкілеттіктер мен нормалар анықталмағанын көрсетті. Бөлімнің барлық құқықтары, міндеттері мен өкілеттіктері қолданыстағы заңнамамен нақты реттелген.

  1. ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТІ ЗЕРДЕЛЕУ

Штат санына сәйкес бөлімде шарттық негізде жұмыс істейтін 36 бірлік, мемлекеттік қызметші 18 бірлік көзделген. Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қылмыстық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері, мүдделер қақтығысы фактілері тіркелмеген. Бөлімде кадрлардың ауысуы жоқ.

2026 жылдың 12 мамыр мен 12 маусым аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны, Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін бөлімнің мемлекеттік қызметшілері жауапқа тартылған жоқ. «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар қатаң сақталады, мемлекеттік қызметші мәртебесіне байланысты шектеулер, Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары сақталады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтауға байланысты тәуекелдердің туындау жағдайларын растау табылған жоқ. Бөлім қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істер жоқ.

Ай сайын кестеге сәйкес бөлім қызметкерлері қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып, құқықтық білімнің дөңгелек үстелдерін өткізеді, сондай-ақ профилактикалық мақсатта және бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстелдердің жедел отырыстарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықтимал тәуекелдер тұрақты негізде қаралады. Жеке істерін тексеру кезінде жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын мемлекеттік қызметшілер арасында тікелей бағыныстылығының болуы анықталмаған.

Қорытынды: Жүргізілген талдау нәтижесінде бөлімдегі кадрлық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртібіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттыратын фактілер анықталған жоқ.

Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық талаптарға сәйкестігі қамтамасыз етілген, кадрлардың тұрақтылығы сақталған. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар, Әдеп кодексі нормаларын бұзу, мүдделер қақтығысы, сондай-ақ қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері тіркелмеген.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мен мемлекеттік қызметке байланысты шектеулердің, Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуы қамтамасыз етілген. Жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын мемлекеттік қызметшілер арасында тікелей бағыныстылық фактілері анықталған жоқ.

III. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

           «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Мемлекеттік сатып алуды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII Заңына сәйкес жүргізеді. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу веб – порталы арқылы электрондық түрде жүргізіледі және жеткізушімен қандай да бір байланысты болдырмайды. Шарттар жасасудың тек қана электрондық форматы веб – порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар,көрсетілетін қызметтер бойынша толық және шынайы ақпаратты қалыптастыруға және олардың орташа сатып алу бағаларын айқындауға мүмкіндік берді. Электрондық шарттарды және Мемлекеттік сатып алуды оңайлатуға және ашықтыққа бағытталған бірқатар басқа нормаларды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік берді.

  1. 2026 жылдың басында «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі лицензияланған тазартылған ауыз сумен қамтамасыз ету қызметтерін сатып алу мақсатында баға ұсыныстарын сұрату (ЗЦП) тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімін ұйымдастырды. (15929145-1)

         Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында мемлекеттік сатып алу жөніндегі жауапты маманның техникалық қателігі салдарынан сатып алудың жоспарланған сомасы қосылған құн салығын (ҚҚС) есепке алмай, 855 172 теңге көлемінде жарияланған.

         Баға ұсыныстарын қарау нәтижелері шығарылған кезде аталған қателік анықталды. Сатып алу сомасының дұрыс қалыптастырылмауы мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталмауына әкелуі мүмкін болғандықтан, мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде аталған мемлекеттік сатып алу рәсімінің қорытындыларының күші жойылып (отмена), сатып алу тоқтатылды.Кейіннен қажеттілікке сәйкес сатып алу рәсімі заңнама талаптарына сай, ҚҚС-ты ескере отырып, қайта ұйымдастырылды.

  1. 2026 жылы №16136909-1 «Қызметтік автокөлікке техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі қызметтер (5 бірлік)» мемлекеттік сатып алу рәсімі баға ұсыныстарын сұрату (ЗЦП) тәсілімен ҚҚС-сыз 8 522 107 теңге сомасына жарияланды.

         Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «Кесте-2025» ЖШС айқындалды және белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.

         Алайда, шарт заңды күшіне енгеннен кейін «Кесте-2025» ЖШС-нің басшысы мекемеге келіп, конкурсқа қатысу кезінде өз тарапынан түсініспеушілік орын алғанын, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің жіберген қателігі салдарынан аталған қызметті көрсету мүмкіндігін ескермей конкурсқа қатысқанын түсіндірді. Осыған байланысты мердігер ұйым шарт талаптарын орындауға мүмкіндігі жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.

  1. Полиграфиялық өнімдерді дайындау бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу аясында мемлекеттік сатып алу веб-порталында ЖК «Полиграфия Асар» Битанова С.Д.-мен бір көзден сатып алу тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.

         Алайда, шартты қалыптастыру барысында техникалық қателікке жол беріліп, келісімшарттың тиісті шаблонын таңдау кезінде «құрылысқа байланысты емес» деген шарттың орнына қате түрде «құрылысқа байланысты» шаблоны таңдалған.

         Аталған қателік шартты орындау барысында орындалған жұмыстардың актілерін рәсімдеу кезінде анықталып, жүйеде техникалық қиындықтардың туындауына себеп болды. Осыған байланысты шартты бастапқы күйінде орындау мүмкін болмады.

         Тараптардың өзара келісімі негізінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт тараптардың келісімі бойынша (по соглашению сторон) бұзылды.

         Мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын сақтай отырып, полиграфиялық өнімдерді дайындау бойынша қызметтерді сатып алу қайтадан дұрыс шаблонмен жарияланып, мемлекеттік сатып алу рәсімі қайта жүргізілді.

         Қорытынды: Жоғарыда аталған жағдайлар техникалық және ұйымдастырушылық сипаттағы қателіктердің пайда болуымен байланысты болды. Көрсетілген кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қабылданды, Мемлекеттік сатып алу рәсімдері қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес қайта ұйымдастырылды.

  1. БАҚЫЛАУ-ҚАДАҒАЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТІ ЗЕРДЕЛЕУ

         «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ бақылау-қадағалау функциялары жоқ.

         ҰСЫНЫСТАР:

  1. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау деңгейін одан әрі арттыру мақсатында қызметкерлер арасында құқықтық түсіндіру және ақпараттық-насихаттау жұмыстарын тұрақты негізде жалғастыру ұсынылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың және мүдделер қақтығысының алдын алу, ықтимал тәуекелдерді ерте анықтау мақсатында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған дөңгелек үстелдер, түсіндіру кездесулері мен профилактикалық іс-шараларды жоспарға сәйкес тұрақты түрде өткізу ұсынылады.
  3. Алдағы уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру барысында жіберілген қателіктерге талдау жүргізу, олардың қайталануына жол бермеу, сатып алу құжаттарын мұқият тексеру және мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру бағытында тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізу.
  4. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жоспарлау және өткізу кезінде техникалық қателіктерді болдырмау мақсатында құжаттар мен мәліметтерді алдын ала тексеру, белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және анықталған кемшіліктерді уақтылы жою бойынша жұмыстарды күшейту.

 

 

«Жезқазған қаласы әкімінің

аппараты» ММ-нің басшысы м.а.                                                      С.Серік