МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СҰХБАТ
2026 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша Ұлытау облысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілді.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс және тынығу уақытының сақталуына жүргізілген мониторинг барысында 28 еңбек заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Департамент тарапынан қабылданған шаралардың нәтижесінде 28 мемлекеттік қызметшіге жалпы көлемі 44 сағат тынығу уақыты беріліп, олардың бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, жүргізілген құқықтық талдау нәтижесінде 3 мемлекеттік қызметшіге негізсіз берілген тәртіптік жазалардың күші жойылды. Нәтижесінде олардың алдағы кезеңде сыйақы алу құқықтарының сақталуына мүмкіндік жасалды.
Жалпы, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және заң бұзушылықтардың алдын алу Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Сылқымбекұлы Еркебұлан