2026 жылғы 26 маусымда ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «БЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастыруымен кезекті Ашық есік күні өтті.
«БЖЗҚ» АҚ цифрлық форматта қызметтердің кең шоғырын ұсынады және салымшылар мен алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, қызметтерді үнемі жетілдіріп отырады. Онлайн-сервистер азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтары туралы қажетті ақпаратты жедел алуға және қаржылық болашағын жоспарлау кезінде неғұрлым саналы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сайт және мобильді қосымша арқылы қызметтердің тәулік бойы қолжетімділігі Қормен өзара іс-қимылды барынша ыңғайлы етеді және азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Қордың негізгі цифрлық құралдарының қатарында:
Кездесуге қатысушыларға БЖЗҚ-ның цифрлық сервистері, оның ішінде ресми сайт, мобильді қосымша, Telegram-бот және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған Қордың ақпараттық ресурстары туралы, сондай-ақ Байланыс орталығы, сайт, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа да байланыс арналары арқылы кері байланыс жасау мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.
Бүгінгі күні БЖЗҚ-ның цифрлық экожүйесі салымшылармен және алушылармен өзара іс-қимыл жасаудың негізгі арнасы болып табылады. Сайттағы және мобильді қосымшадағы жеке кабинет арқылы пайдаланушылар жеке зейнетақы шоттарынан үзінді көшірмелер ала алады, деректемелерге өзгерістер енгізе алады, шоттардың болуы туралы анықтамалар ала алады, зейнетақы төлемдерінің жекелеген түрлеріне өтініш бере алады, өтініштердің мәртебесін қадағалай алады, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына аудара алады, сондай-ақ «Зейнетақы калькуляторы» және «Жеке зейнетақы жоспары» сервистерін пайдалана алады.
Электрондық қызметтерге сұраныстың артып келе жатқаны атап өтілді. 2026 жылдың 4 айында БЖЗҚ көрсеткен 21,5 млн қызметтің 21,1 млн қызметі электрондық және автоматты форматта ұсынылды. Осылайша қашықтан қызмет көрсету үлесі олардың жалпы санының 98,8%-н құрады.
Іс-шараның жеке блогы ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналды. БЖЗҚ мамандары азаматтар кездестіріп жүрген алдаудың неғұрлым кең таралған схемалары туралы, соның ішінде алаяқтардың өздерін мемлекеттік ұйымдардың, медициналық мекемелердің немесе Қордың қызметкерлеріміз деп таныстыратын және әр түрлі сылтаулармен растаудың SMS-кодтарын алуға және дербес деректерге қол жеткізуге тырысатын жағдайлары туралы айтып берді.
Қатысушыларға БЖЗҚ-ның тегін және делдалсыз қызмет көрсететінін еске салды. Қор қызметкерлері телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы SMS-кодтарды, парольдерді, банк карталарының деректемелерін және өзге де конфиденциалды мәліметтерді сұратпайды.
Кездесу барысында дербес деректерді қорғау және қаржылық қауіпсіздік бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Мамандар азаматтарды растау кодтары мен дербес ақпаратты бөгде адамдарға бермеуге, мәліметтерді тек ресми байланыс арналары арқылы тексеруге және алаяқтыққа күдік туындаған кезде құқық қорғау органдарына дереу жүгінуге шақырды.
Іс-шара соңында қатысушылар БЖЗҚ-ның зейнетақымен қамсыздандыру және цифрлық сервистерін пайдалану мәселелері бойынша қызықтырған сұрақтарына жауаптар мен жеке кеңес алды.
БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)