Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағында мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бақылау бойынша уәкілетті орган болып табылады. Осы ретте Департаменттің басты міндеттерінің бірі – қызмет алушыларға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, олар үшін қолайлы жағдай жасау, қызмет көрсету процестерін жетілдіру және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру.
Осы орайда, Департаментпен аз. Н. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттар қабылдауға қатысты негізсіз бас тарту берілгені жөнінде шағымы қаралды.
Шағымды қарау барысында Департаментпен көрсетілетін қызметті берішіге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында заңнаманың сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізілді және келесі мән-жайлар анықталды:
Аз. Н. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету барысында бірінші кезеңде оң шешім берілгеніне қарамастан, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішіне «Кодекстің 44-1 бабының 2-тармағына сәйкес, объект салу үшін жер учаскесiн жер пайдалануға берудi облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың (олардың әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергiлiктi атқарушы органдары және кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi осы Кодексте белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. Жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу объект пайдалануға берілгеннен кейін жүргізіледі» деген себеппен бас тартқан.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1-бабының
1-тармағына сәйкес, кенттің, ауылдың жерінен жер учаскесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Осыған сәйкес, жоғарыда көрсетілген бас тарту «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуден бас тарту үшін негіздеріне жатады.
Департаменттің жедел ден қою шаралары нәтижесінде көрсетілетін қызмет берушіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, қызмет алушының бұзылған құқықтары толықтай қалпына келтірілді. Яғни, аз. Н. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметті алу туралы өтініші қабылданды.
Осы орайда, мемлекеттік қызмет алу барысында құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Департаментке Жезқазған қаласы, Алаш алаңы 1 ғимаратындағы
№711 кабинетке немесе «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жүгінуге болатындығын назарларыңызға жеткіземіз (байланыс телефоны – 8/7102/733270).
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ұлытау облысы бойынша департаменті
Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы
Н. Кайтанова