МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША 2026 ЖЫЛДЫҢ І ТОҚСАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША 2026 ЖЫЛДЫҢ І ТОҚСАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Департаментпен 2026 жылдың І тоқсанында 3 тексеру өткізілді, оның нәтижесінде жалпы 3679 бұзушылық анықталды. Жалпы санынан мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу – 980 факті, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу – 1316  факті, өзге де бұзушылықтар – 1383.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына сыртқы байқау (қашықтықтан бақылау) жүргізу нәтижесінде  479  бұзушылық анықталды. Нәтижесінде 35 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша) өтініш келіп түсті, тексеру және сұрау салу нәтижесінде, негізді жүгінгендердің ішінен 100% - ы (2 қызмет алушының) құқықтары қалпына келтірілді және қорғалды

2026 жылдың І тоқсанында EgovkzTelegrambot телеграм бот платформасы азаматтардан әлеуметтік төлемдер, құжаттамалық қамтамасыз ету, медициналық қызметке лицензия беру мәселелері бойынша 9 өтініш түсіп, қаралды.

Рұқсат беру құжаттарын беру мерзімдерін, тәртібін бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 465-бабының                                 1 және 2-бөлігіне сәйкес 3 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, мемлекет кірісіне жалпы сомасы 167105 теңге  айыппұл өндірілді. Департаменттің ұсынысы негізінде 2025 жылдың І тоқсанында                            13 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Есептік кезеңде Ведомствоаралық жұмыс тобының
1 отырысы өткізілді 9 ұсыныс енгізіліп, барлығы орындалды.

Ағымдағы жылы  6 түсіндіру іс-шарасы, 20 онлайн жәрмеңке және                             2 интернет-конференция өткізіліп, газеттерде 9 мақала жарияланды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және оны халыққа насихаттау мақсатында  «Елге қызмет» телебағдарламасының                        3 шығарылымы  («ULYTAU TV», «Aqsham») жарық көрді (білім, тұрғын-үй шауаршылығы салаларында көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі бойынша).

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалында «Ең алдымен адамдар» тақырыбында семинар өткізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін талдау нәтижесі бойынша 7 ұсыныс әзірленіп Агенттікке жолданды.

Департамент тарапынан аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті