Ұлытау облысында кадастрлық паспорттарға сұраныс артып келеді

Ұлытау облысында кадастрлық паспорттарға сұраныс артып келеді

Ұлытау облысында кадастрлық паспорттарға сұраныс артып келеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ұлытау облысы бойынша филиалы кадастрлық паспорттарды рәсімдеу қызметіне сұраныстың тұрақты түрде артып келе жатқанын хабарлайды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 5 000-нан астам тұрғын жылжымайтын мүлікке кадастрлық паспорт пен техникалық паспорттың телнұсқасын алған. 2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында көрсетілген қызметтер саны 1050-ді құрады, ал өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 991 болған.

Көрсетілген қызметтер саны бойынша Жезқазған және Сәтбаев қалаларының Халыққа қызмет көрсету орталықтары көш бастап тұр.

Кадастрлық паспорт — бұл жылжымайтын мүлік объектісінің негізгі техникалық және сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын ресми құжат. Онда объектінің мекенжайы, кадастрлық нөмірі, салынған жылы, қабаттылығы, ауданы, бөлмелер саны, қабырға материалы және нысанның жоспары көрсетіледі.

Техникалық паспортты ауыстыру меншік иесінің өтініші бойынша немесе объектінің сипаттамалары өзгерген жағдайда жүзеге асырылады. Мысалы, қайта жоспарлау, реконструкция жүргізілгенде, объектілерді бөлу немесе біріктіру кезінде, сондай-ақ құжаттардағы мәліметтер мен нақты деректер арасында айырмашылықтар анықталған жағдайда.

Қызмет құны жылжымайтын мүлік объектісінің түрі мен ауданына байланысты анықталады. Төлем екі кезеңмен жүзеге асырылады: өтініш беру кезінде алдын ала төлем енгізіледі, ал дайын құжатты алған кезде толық есеп айырысу жүргізіледі.

Аталған қызметке сұраныстың артуы азаматтардың жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттарын рәсімдеуге және деректерін өзектендіруге деген белсенділігінің жоғары екенін көрсетеді.