ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

 

 

Жезқазған қаласының әкімдігі «Жезқазған қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ атынан жалпы жұртшылыққа, соның ішінде мүдделі қауымды қала құрылысы жобаларының материалдарын қарау бойынша қоғамдық талқылау өтетіні туралы хабарлайды:

«Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, шартты атауы "Жаңа құрылыс" ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы» бойынша;

«Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, шартты атауы "Кенесары" ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы» бойынша;

«Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, шартты атауы "Қостанкелді" ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы» бойынша;

«Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, шартты атауы "Орталық (қала)" ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы» бойынша.

Осыған орай, аталған шараға қатысқысы келетіндер «Жезқазған қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне алдын ала 8(7102)76-04-48; 8(7102)76-00-70, 87770840011 телефон бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Қоғамдық талқылаулар 2026 жылғы 5 наурызда сағ. 15:00-де Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Есенберлин көшесі, 9А мекенжайында орналасқан "Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында» өтеді.

Жобаны әзірлеуші – «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС

Тел.: 8(727)278-05-12; е-mail: kazgiprograd_1@mail.ru