Талап ауылы тұрғындарымен кездесу хаттамасы

Талап ауылы тұрғындарымен кездесу хаттамасы

Талап ауылы тұрғындарымен кездесу хаттамасы

Өткізілген орны: Талап ауыл клубы

Күні және уақыты: 20 ақпан 2026 жыл, сағат 11:00

Төрағалық еткен: Жезқазған қаласының әкімі – Қ.Шайжанов

Қатысқандар:

Жезқазған қаласы мемлекеттік мекемелерінің басшылары

Талап ауылының учаскелік полициясы – Ғ.Қ.Исатаев

Күн тәртібінде:

  1. Талап ауыл әкімінің 2025 жылғы атқарылған жұмыстары.
  2. Залдан қойылған сұрақтарға жауап беру.

Жезқазған қаласының әкімі Қ.Шайжанов Талап ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала әкімі ауыл әкімі Қ.Бапановтың 2025 жылы атқарылған жұмыстарымен танысып, алдағы 2026 жылға жоспарланған жұмыстары жайында тыңдады.

Залдан түскен сұрақ-жауаптар:

Тлеубаева Гүлмайра (Абай көшесінің тұрғыны):

Сұрақ: Абай көшесінің жолына асфальт салып берсеңіздер?

Қ.Шайжановтың жауабы: Осы жылға сметалық жобалық құжаттарын дайындап өткізсін.

Нұрмағанбетова Алтын (Бұланты көшесінің тұрғыны, №14 ЖОББ мектебінің шаруашылық меңгерушісі):

Сұрақ: Бұланты көшесінің жолына асфальт салып берсеңіздер?

Қ.Шайжановтың жауабы: Сізге де жол туралы жауабым, сметалық жобалық құжаттарын дайындап өткізу керек.

Аубакиров Марат (Сейфуллин көшесінің тұрғыны, №14 ЖОББ мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі):

Сұрақ: Сейфуллин көшесінің қиылыстарына асфальт салып берсеңіздер? Мектеп жанына жаяу жүргінші жолы (тротуар) қажет.

Қ.Шайжановтың жауабы: Ауыл әкіміне тапсырма беремін, осы жылға 3 көшенің жолына сметалық жобалық құжаттарын дайындап беріңіз.

Карибаев Қуандық (Ауыл тұрғыны):

Сұрақ: Мен ауыл жастарының атынан Сізден сұрайтыным, ауылдың кіреберіс жеріне арка орнату және осы аралыққа жарық шамдарын орнатып берсеңіздер?

Қ.Шайжановтың жауабы: Аркаға қаражат бөлінбейді, демеушілік тарапынан орнату керек. Жарық шамдарын орнату үшін сметалық жобалық құжаттарын дайындап өткізу керек.

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов жиынға қатысқан ауыл тұрғындарының пікір-ұсыныстарын мұқият тыңдап, алда атқарылатын жұмыстарын кеңінен талқылады. Селоның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, дамыту бағытында тұрғындармен бірлесіп, ақылдасып, жүйелі жұмыстарды жүргізетіндігін жеткізді.

Талап селосының әкімі: Қ.М.Бапанов

Хатшы: Г.Сагатова