Заңның үстемдігі – азаматтық жауапкершіліктің негізі.

Заңның үстемдігі – азаматтық жауапкершіліктің негізі.

Заңның үстемдігі – азаматтық жауапкершіліктің негізі.

 

Жезқазған қаласындағы №5 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушылары үшін интерактивті элементтері мен пікірталас қамтылған, өзекті құқықтық тақырыпқа арналған дәріс өткізілді:

Жастардың құқықтық дағдылары және заңның үстемдігі қағидаты

Кездесу барысында жоғары сынып оқушылары құқықтың негізгі ұғымдарымен және демократиялық қоғамдағы заңның рөлімен танысып, талқылауларға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді, өмірлік жағдайларды талдап, өзекті сұрақтар қойды.

Мұндай іс-шаралар жастарға:

✔ өз құқықтары мен міндеттерін түсінуге

✔ заңдылық пен әділдіктің маңызын ұғынуға көмектеседі

Оқушылардың белсенділігі мен құқықтық білімге деген қызығушылығы үшін алғыс білдіреміз!

Саналы азамат – мектеп қабырғасынан қалыптасады.