Жасанды интеллект пен цифрландыру: 2025 жылғы басты жетістіктер

Жасанды интеллект пен цифрландыру: 2025 жылғы басты жетістіктер

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Жолдауында үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысының көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай еске салды.

Оның айтуынша, Қазақстанда цифрлық экожүйені қалыптастыру аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жасанды интеллект пен цифрландыру саласында қазірдің өзінде ауқымды жұмыс атқарылған.

Еліміздің цифрлық экожүйесін қалыптастыру аясында Президент тапсырмасымен қыруар шаруа атқарылды.

"Жасанды интеллект туралы" Заңның қабылдануы – аталған саладағы жаңалықтың бірі. Осылайша, Қазақстан ЖИ саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге заң жүзінде негіз қалаған әлемдегі алғашқы елдердің қатарына енді.

Аталған саладағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мақсатында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.