|
№ |
Сұрақтың авторы |
Сұрақ |
Орындауды іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Қосымша |
|
1 |
Нұраш Салтанат Асылбекова 97/1 |
Аула алдындағы құдықтың биіктігі жаяу жүргіншілер мен көліктерге кедергі келтіруде |
Көктемде жол жөндеу жұмыстары басталған кезде жасалынады |
01.05.2026ж. |
Арынов А.А. Сейтказинов М.М. |
|
|
2 |
Нұраш Салтанат Асылбекова 97/1 |
Аула алдына қоқыс урнасын орнату бойынша |
Қалаға келген жаңа қоқыс урналардан 2 орнатылсын |
16.12.2026ж. |
Арынов А.А. Сейтказинов М.М. |
|
|
3 |
Тлеубаев Дулат Батыс ықшам ауданы |
Батыс ықшам ауданына қатысты мәселелер бойынша |
Қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесіп, сол жерде аралау жұмыстары жасалынып, тиісті тапсырмалар беріледі |
23.11.2025ж. |
Арынов А.А. Сейтказинов М.М. |
|
|
4 |
Чумак Лариса Ивановна Асылбекова 95 |
«Юникс» дүкені жертөледе орналасқан транзиттік трубалардың қызметіне ақша төлемеулері бойынша |
«Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ «Юникс» дүкенінің техникалық шарттарын қайтадан қаралсын |
10.12.2025ж. |
Арынов А.А. Оңғарбаев Ж.Қ. |
|
|
5 |
Стец Любовь Александровна Асылбекова 95 |
Үйден құдыққа дейін орналасқан кәріз құбырлары кімнің қаражатына жөнделу керек |
Шекараларды бөлу актісіне сәйкес, бұл құбырлар үй тұрғындарының жауапкершілік аймағында, сол себепті жөндеу жұмыстары өз қаражаттарына жасалынады |
- |
- |
|
|
6 |
Рыбалкина Светлана Николаевна Раскова 3-50 |
Онкологиямен ауыратын жандарға төленетін төлем жайлы |
Тұрғындарға ақпараттық бейне үндеу жасалсын. Деректер тізілімі жасалсын. |
10.12.2025ж. |
Әбен Б.Ә. Жылқыбаева Ә.Д. |
|
|
7 |
Пушкина 36 тұрғындарының атынан Қаламқас |
Үйдің қасбеті бойынша |
Пушкина 36 мекен-жайындағы тұрғын үйдің қасбеті жөндеуге жатпайды |
- |
- |
|
|
8 |
Егібай Сәуле Момышұлы 13-51 |
Жатақханадағы өзіне берген бөлменің коммуналдық қызметтерге қарызы бойынша |
Мәселе жұмыс тәртібінде шешілсін |
01.12.2025ж. |
ПТЭ абонент бөлімінің бастығы Рахат Тұрсыновна (келісім бойынша) |
|
|
9 |
Егібай Сәуле Момышұлы 13-51 |
3 топтағы мүгедектігін 2 топқа ауыстыруға көмектесу мәселесі бойынша |
Аталған мәселе ескертпеде болсын (на заметке) |
- |
- |
|
|
10 |
Михайл Александрович Есенберлина 2/2-13 |
Қаламыздағы қатты тұрмыстық қалдықтардың полигонында болып жатқан өрт мәселесі бойынша |
Қатты тұрмыстық қалдықтардың полигонында болып жатқан өрт шұғыл түрде сөндірілсін |
24.11.2025ж. |
Арынов А.А. Ерсеитов А.Б. (келісім бойынша) |
|
|
11 |
Қабылова Роза Момышұлы 13 |
Тұрып жатқан жатақхананың қабырғалары көгеруде, көмек көрсетіледі ме? |
Жатақхана бөлмелерінде орын алып жатқан қолайсыз жағдайлар шешілсін |
01.12.2025ж. |
Әбен Б.Ә. Сағымбаева А.С. |
|
|
12 |
Маманқызы Ақбөпе Сейфуллина 69 |
Сейфуллин көшесі бойындағы орналасқан заңсыз сауда орындарын жабу мәселесі бойынша |
Сейфуллин көшесі бойындағы орналасқан заңсыз сауда орындарының иелеріне айыппұлдар салынып, тұрған орындарын босатсын |
01.12.2025ж. |
Құсайынов Е.Ғ. Хамитов А.А. (келісім бойынша) |
|
|
13 |
Маманқызы Ақбөпе Сейфуллина 69 |
«Жадыра» дүкенінің алдында тұрған қоқыс жәшіктерін қайтадан орнына қою мәселесі бойынша |
«Жадыра» дүкенінің алдында тұрған қоқыс жәшіктерін қайтадан орнына қойылсын |
24.11.2025ж. |
Арынов А.А. Сейтказинов М.М. |
|
|
14 |
Гульнара Есенберлина 11 |
Ауланың тазалығы мен абаттануына қатысты мәселелер |
Есенберлина 11 мекен жайының тазалығы мен абаттануына қатысты мәселелер бойынша қала әкімі тұрғындармен кездесіп, сол жерде аралау жұмыстары жасалынып, тиісті тапсырмалар беріледі |
10.12.2025ж. |
Арынов А.А. Сейтказинов М.М. |
|