Жезқазған қалалық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған семинар өтті.
Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, жас мамандар және құқық саласының өкілдері қатысты.
Семинар барысында Конституция нормаларының мемлекеттік басқарудағы рөлі талқыланып, құқықтық мәдениетті арттырудың жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 қыркүйектегі Жолдауында айтылған референдум институтының маңызы сөз болды. Қатысушыларға референдум өткізудің заңнамалық тәртібі түсіндірілді.
Семинардың ерекше бөлігі ретінде қатысушылар екі топқа бөлініп, Конституция нормалары бойынша сайыс түрінде білімдерін сынады.