Жезқазғанда мешіт құрылысы басталды

Жезқазғанда мешіт құрылысы басталды

Жезқазғанда мешіт құрылысы басталды

 

Жаңа мешіттің сыйымдылығы 3000 адамды құрайды. Құрылыс «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің бастамасымен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының белсенді қолдауымен және Ұлытау облысы әкімдігімен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүргізілуде.

 

Жоба аясында ерлер мен әйелдерге арналған бөлек залдар, дәрет алатын орындар, кітапхана, оқу сыныптары, конференц-зал, әкімшілік кабинеттер, сондай-ақ автотұрағы бар абаттандырылған аумақ қарастырылған. Мешіттің архитектуралық келбетінде ұлттық дәстүр мен заман талабы ескеріледі.

 

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында дайындық жұмысы аяқталып, монолит құю жұмысы басталды. Құрылысты аяқтау мерзімі 2026 жылдың IV тоқсанына жоспарланған. Қазіргі бағалау бойынша жобаның құны 3,2 млрд теңгені құрайды.