Еңбек ұжымдары көркемөнерпаздарының қалалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Еңбек ұжымдары көркемөнерпаздарының қалалық байқауының  ЕРЕЖЕСІ

 

 

Қала әкімдігінің қолдауымен Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Ұлы Абайдың туғанына 180 жыл толу тойына, Қала күніне және Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «2025 жыл – «Жұмысшы мамандығы жылы» деп жариялануына орай еңбек ұжымдары көркемөнерпаздарының байқауын өткізеді.

Байқаудың тақырыбы: «Өнер – өміріміздің өрнегі».

Байқаудың мақсаты:

-Көркемөнерпаздар ұжымының өнерін қолдау, ынталандыру, олардың еңбек пен өнерді тең ұстаған ұстанымдарын қолдап, өнер ұжымдарының ізденісі мен табыстарын қала жұртшылығына насихаттау, таныту;

-Еңбек ұжымдарындағы дарынды өнерпаздарды, өзіндік шығармашылық ізденістерімен көрініп жүрген өнер топтарын (хор, ансамбль, дуэт, трио т.б) танып, олардың облыстық, республикалық байқауларға қатысуына жол ашу;

-Көркемөнерпаздар ұжымы мен кәсіби музыкалық мамандар арасында шығармашылық байланысты орнату.

Байқаудың тәртібі:

-Байқауға еңбек ұжымдары мүшелерінің күшімен ұйымдастырылған өнер топтары ғана қатыса алады.

-Ұжымның көркемдік жетекшілерінің кәсіби маман болуына шек қойылмайды.

-Байқауға кәсіби біліктілігі бар мамандардан құралған өнер ұжымдары қатыса алмайды.

-Ұжым көркемөнерпаздары атынан бір әнші жеке орындаушы ретінде қатыса алмайды, ең кемі дуэт болуы – шарт.

-Шығармалар жанды дауыста орындалуы керек (фонограмма (+) бағаланбайды).

-Үміткерлер байқауға ұсынған шығармаларын түрлі көркемдеу тәсілдерін қолдана отырып орындауларына болады. (Мыс: бейнеконтент жасау, театрландырылған шағын көрініс, шағын поэзиялық пролог, хореографиялық көріністер т.б. арқылы)

  Байқаудың шарты, талабы:

-Байқауға қатысуға ниет білдірген ұжым алдын ала тапсырыс береді және өнер ұжымы жайлы қысқаша деректі (еңбек ұжымының атауы, өнер ұжымының құрылған жылы, мүшелерінің саны, көркемдік жетекшісі, репертуары т.б.) қоса ұсынады (тапсырыс үлгісі қосымша ретінде берілді);

-Әрбір ұжым байқауға екі шығарма ұсынады: бір шығарма - Абай әндері, ал екінші шығарма – өз таңдауы бойынша еркін тақырыпта болуы керек;

Қазылар алқасының міндеттері:

-Қазылар алқасы байқау барысында Ереже талаптарының бұзылмауына назар аударады; ескерту жасап, тоқтата алады;

-Орындаушылардың шеберлігі, шығарманың әрленуі (аранжировка), сүйемелденуі бағаланады, байқауға ұсынылған шығарманы таңдаулары да ескеріледі;

-Үміткерлердің сахна мәдениетін сақтауы, киімдері, басқа да көркемдеу жұмыстарының сапасы да бағаланады;

-Қорытынды шешім шығарар кезде қазылар алқасы жүлде қорының мөлшерінде берілетін сыйлықтардың санына, сыйақы көлеміне өзгерістер енгізе алады;

-Қазылар алқасының шешімі – түпкілікті шешім, қайта қаралмайды;

-Қорытынды шешімге сәйкес жүлдегерлерге диплом және ақшалай сыйақы табыс етіледі;

-Көркемдік жетекшілеріне қала әкімінің алғысхаты беріледі.

Жүлде қоры:

Бас жүлде – 1 000 000 теңге;

Бірінші орын (біреу) -  700 000 теңге;

Екінші орын (біреу) – 500 000 теңге;

Үшінші орын (біреу) – 300 000 теңге;

Арнайы сыйлық (үшеу) – әрқайсысы 100 000 теңгеден.

Демеушілер мен жанкүйерлер тарапынан сыйлықтар тапсыруға рұқсат етіледі.

Байқаудың өткізілетін күні: 8 қыркүйек 2025 жыл.

Өтетін орыны, уақыты қосымша хабарланады.

Ескерту: Байқауға қатысу туралы тапсырыстар мен қосымша деректер 2025 жылдың 25 тамызына дейін қабылданады.

Тапсырыстарды мына электронды поштаға жіберуге болады: enbek.konkurs2025@mail.ru

Байланыс телефондары: +7 707 627 4989 – Сабыржан Түсібияұлы

                                        +7 707 810 04 99 – Гүлім Қуанышқызы

Мекенжайымыз: Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бақжолы, 39А, 320-кабинет.

 

Жезқазған қаласының мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімі