Жезқазған қаласында жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2025 жылы бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жоспарланған жұмыстар қаланың әртүрлі аумақтарын қамтып, тұрғындар мен көлік қозғалысы үшін жайлы жағдай жасауды көздейді.
Орташа жөндеуден өтетін негізгі көшелер тізімі:
- Алашахан даңғылы – Бейбітшілік даңғылынан Байқоңыров көшесіне дейін
- Бейбітшілік даңғылы – Ғарышкерлер бақ жолынан Деев көшесіне дейін
- Момышұлы көшесі – Сейфуллин көшесінен Бейбітшілік даңғылына дейін
- Сәтбаев көшесі – Абай көшесінен айналма жолға дейін
- Сарыарқа көшесі – Ұлытау көшесінен Сәтбаев қаласы бағытындағы шыға беріске дейін (ескі МАИ бекетіне дейін)
- Ұлытау көшесі – Сәтбаев көшесінен Абай көшесіне дейін
- Абай көшесі – Сарыарқа көшесінен айналма жолға дейін
- Шевченко көшесі – Аманжолов көшесінен Ғарышкерлер бақ жолына дейін
- Жанасов көшесі – Ұлытау көшесінен Байқоңыров көшесіне дейін
- Қарағанды көшесі – Байқоңыров көшесінен Ұлытау көшесіне дейін
- Желтоқсан көшесі – Абай көшесінен ЖЖЭО бағдаршамына дейін
- Садовое кольцо көшесі – Желтоқсан көшесінен Холмецкий көшесіне дейін
- Қабанбай батыр шағын ауданының орталық көшесі
- Строителей тұйық көшесі – ҰТ АБ аумағында
Сонымен қатар, орташа жөндеу жұмыстары келесі аумақтарда да жүргізілетін болады:
- Бөгебай батыр шағын ауданы (Шинтуринов, Заводская, Щорс, Водопроводная, Шолохов, Иманжанов, Майкутов көшелері)
- Қаражар және Есенберлин көшелері
- Бекболатсай және Қостаңгелді шағын аудандары – 5 көшеде
Жөндеу жұмыстары Жезқазған қаласының жол сапасын жақсартуға, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған.
Жобаның жалпы құны: 4 055 805 492 теңге
Жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз