«Қазақстан балалары»: Ұлытау облысында оқушыларға экскурсия ұйымдастырылды

«Қазақстан балалары»: Ұлытау облысында оқушыларға экскурсия ұйымдастырылды

 

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Жезқазған қаласындағы №2 Халыққа қызмет көрсету орталығында оқушыларға арналған тақырыптық іс-шара өтті. Іс-шара «Қазақстан балалары» республикалық акциясы аясында өткізілетін Кибер Тұмар күніне орай ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы - Ұлытау облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы.

Аталған шара Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтті.

Филиал қызметкерлері жас қонақтарға ХҚКО-ға таныстыру экскурсиясын ұйымдастырып, орталықтың негізгі қызмет бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берді. Балалар мемлекеттік қызметтерді алу процессі қазіргі заманғы цифрлық технологиялардың көмегімен қалай ашық, ыңғайлы және қолжетімді болатынын өз көздерімен көрді.

Сонымен қатар, оқушылар электрондық сервистермен танысып, олардың азаматтар үшін қандай мүмкіндіктер ашатынын білді. Цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды: балаларға жеке деректерді қалай қорғау керектігі және интернетте қауіпсіз жұмыс істеу үшін неге сенімді құпиясөздерді пайдалану маңызды екені түсіндірілді.

Кездесу соңында филиал директорының міндетін атқарушы Ринат Өмірбеков балаларды алдағы мерекемен құттықтап, Госкорпорация қызметі және интернеттегі қауіпсіз жүріс-тұрыстың негіздері бойынша шолу курсын өткенін растайтын сертификаттар табыс етті.