Аудан әкімі егін шаруашылығымен танысты

Аудан әкімі егін шаруашылығымен танысты

2025 жылғы 5 мамыр күні Жаңаарқа ауданының әкімі Қанат Қожықаев жұмыс сапарымен Сәкен Сейфуллин ауылдық округіне барып, көктемгі егіс науқанының барысымен танысты.

 

Сапар барысында аудан басшысы өңірдегі бірнеше шаруа қожалығына барып, агроөндірістік жұмыстың жай-күйін көзбен көрді.

 

Аудан әкімі алдымен “Аяз” шаруа қожалығына аялдады. Қожалық иесі Ерлан Картаевтың айтуынша, биыл 300 гектар алқапқа дәнді дақылдар себілген. Шаруашылық заманауи агротехникалық әдістерді пайдалана отырып, өнімділікті арттыруды мақсат етіп отыр.

 

Сондай-ақ Қанат Қожықаев “Тұрпар” шаруа қожалығының көктемгі дала жұмыстарымен танысты. Қожалық жетекшісі Абзал Ахметжанов биылғы егістік көлемі 200 гектарды құрайтынын және барлық жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталатынын жеткізді.

 

Кездесу барысында аудан әкімі мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын атап өтіп, агронауқанның сапалы әрі тиімді өтуінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар жергілікті әкімдік ауыл шаруашылығы саласын дамытуға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.