Кәмелет жасындағы немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын азаматтар өздерінің нысаналы жинақтары (НЖ) туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның не электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы Жеке кабинетінен ешкімнің көмегінсіз, өз бетінше ала алады. Осылайша, БЖЗҚ қазақстандық заңнамаға сәйкес олардың нысаналы жинақтау шоттарындағы (НЖШ) нысаналы жинақтың, соның ішінде ақша қалдықтары мен олардың қозғалысы туралы мәліметтердің құпия сақталуына кепілдік береді.
Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы екінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Ұлттық қордың инвестициялық кірісіндегі валюталық бөлігінің 50%-ы жыл сайын еліміздің азаматы болып есептелетін, 2006 жылы және одан кейін туған балаларға теңдей бөлініп беріледі. Балаларға 18 жасқа дейін аударылған қаражат нысаналы талаптар деп аталады. Ата-аналар баласының есепшотына нысаналы талаптардың аударылғанын электрондық үкімет сайтындағы жеке кабинеттерінде немесе eGov Mobile ұялы қосымшасынан көре алады. 2006-2007 жылдары туған, 2024-2025 жылдары 18 жасқа толған/толатын жас қазақстандықтардың нысаналы жинақтары БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына аударылды. Олар бұл қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін пайдалана алады.
Осы тақырып бойынша егжей-тегжейлі бейнетүсініктеме БЖЗҚ-ның YouTube-арнасында жарияланған. https://youtube.com/shorts/XA7VJJLZydY?si=KzeH8QqKEebGjhmd
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).