АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Тәуелсіз сарапшы Брайан Ли-Арчер зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы жасанды интеллект туралы

 

2023 жылғы 28 қыркүйекте Алматы қаласында өткен "міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту перспективалары" жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел аясында өткен панельдік сессияда қазіргі заманның өзекті тақырыптарының бірі – "Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің болашағы: даму келешегі мен негізгі драйверлері" пікірталастың шыңы болды.  

Сессия жүргізушісі – қазақстандық қаржыгер Әнуар Сәйденов.   

Сессия спикері, тәуелсіз сарапшы Брайан Ли-Арчер (Канберра, Австралия) соңғы онжылдық ішіндегі ең келешегі зор технологиялардың бірі "Жасанды интеллект – зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандырудың досы ма, әлде жауы ма?" тақырыбында сөз сөйледі.

Баяндамашы жасанды интеллект 4-ші өнеркәсіптік революцияның маңызды құрамдас бөлігіне айналғанын атап өтті. Ол қарыштап дамып келе жатқан және автоматтандыруды, өнімділікті арттыруға, қолжетімділік пен ауқымдылықты жетілдіруге, жаңа бизнес-модельдерді құруға бағытталған әртүрлі технологиялардың кең ауқымын қамтитынын атап өтті.

Баяндамада ол "цифрлау" терминін ерекше атап өтті, яғни бизнес-үрдісті немесе оның бір бөлігін түпкі мақсаттарын айтарлықтай өзгерістерге ұшыратпай цифрлық түрге аудару. Үрдістерді цифрлаудың мысалы зейнетақы өтініштерін беру болды, олар бойынша шешімдер адамның ең аз мөлшердегі бақылауымен қабылданады. Зейнетақы жарналарын, төлемдерді жүзеге асыру, тіркеу, деректермен алмасу және т. б. онлайн режимінде жасалады.

Баяндамашының пікірінше, "цифрландыру" – бұл біршама өзгеше ұғым. Цифрландыру цифрлық деректерді талдау нәтижесінде алынған түсінік пен білімге негізделген бизнес-үрдістерге елеулі өзгерістер енгізу барысында жаңа және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, бұл жұмыс берушілер, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру органдары арасындағы еңбек қызметінен зейнетке шығуды қамтамасыз ететін ақпарат алмасу.

Жасанды интеллект метадеректерді (басқа деректерді сипаттайтын деректер), масштабты, тереңдікті және ұзақ мерзімді сипатқа ие бұлтты деректер қоймаларын тиімді пайдалануға, бұлтты есептеу арқылы оңтайлы шешімдерді модельдеуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік қамсыздандыруды басқару жүйесіндегі цифрлау және автоматтандыру – бұл түрлі ашулар мен өнімділікті арттырудың үздіксіз жолы.

Баяндама барысында Брайан Ли-Арчер өзара тығыз байланысты "цифрлық жатырқау" және "әлеуметтік оқшаулану" сияқты құбылыстарды талдады. Жаһандық цифрландыруға қарамастан, халықтың кейбір бөлігі үшін цифрлық технологиялармен жұмыс істеу дағдысы жат нәрсе және олар интернетті пайдаланбайды. Осы санатқа жататын адамдарға оқшаулану қаупі төніп тұр. Осылайша, цифрлық алшақтық әлеуметтік теңсіздік пен кемсітушіліктің жаңа факторына айналады. Интернет қажетті ресурстар мен білім алуға мүмкіндік береді, бірақ қолжетімділіктің болмауы кедейлік пен адамдардың басқа да мәселелерін күшейтеді. Осылайша жасанды интеллект мәселелерді шешуі де, керісінше, оларды асқындыруы да мүмкін. 

Баяндамашы жасанды интеллекттің даусыз артықшылықтары мен әлеуетін сипаттай отырып, егер ол дұрыс бақыланбаса, орны толмас зиян келтіруі мүмкін екенін атап өтті.  "Жасанды интеллект дос та, жау да емес. Ол барлық басқа технологиялық өзгерістер сияқты сауатты басқаруды қажет етеді. Жасанды интеллект адамға бағытталған шешімдердің жаңа жолдарын ашады. Бірақ жасанды интеллектті әдептен озбай, асқан жауапкершілікпен пайдалану қажет", - дейді Брайан Ли-Арчер.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

FIAP Президенті Гильермо Артур Чили зейнетақы жүйесінің

ерекшеліктері мен болашағы туралы

 

2023 жылғы 28 қыркүйекте өткен "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелдің Григорий Марченко жүргізген "Халықтың қартаюы және зейнетақы реформасы" тақырыбындағы бірінші панельдік сессиясы аясында Халықаралық зейнетақы қорлары әкімшілері федерациясының (FIAP) Президенті Гильермо Артур (Сантьяго, Чили) сөз сөйледі.

Оның баяндамасының тақырыбы: "Чилидің зейнетақы жүйесі: нәтижелері, сын-қатерлері, одан әрі даму келешегі".

Гильермо Артур мырза Чили зейнетақы жүйесінің үлгісі көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға негіз болғанын атап өтті.

Баяндамашы Чилидің зейнетақы жүйесінің негізгі сипаттамаларын атап өтті. Оның ішінде мыналар да бар:

  • Міндетті зейнетақы жарналары олар түскен қызметкерге тиесілі жеке шоттарда капиталдандырылады;
  • Бұл жинақтарды жеке активтері бар және мемлекеттік орган қатаң бақылайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (AFP) басқарады;
  • Зейнетақы активтері пайда табу мақсатында жергілікті және шетелдік құралдарға инвестицияланады;
  • Инвестициялық лимиттер мен өзге де шарттар лайықты әртараптандыруды, инвестициялардың табыстылығын және зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз ететін ережелермен белгіленеді;
  • Жұмысшылар тәуекелге ұшырау дәрежесі бойынша ерекшеленетін қорлардың 5 түрінен басқарушы компанияны таңдай алады;
  • Зейнетақылар жұмысшылардың жарналары мен инвестициялық кірістер есебінен қаржыландырылады;
  • Чилидің зейнетақы жүйесі аралас, өйткені, халықтың ең осал топтарына бағытталған зейнетақылардың бір бөлігі мемлекет (салықтар) есебінен қаржыландырылады.

 

Чилидің зейнетақы реформасы бұрынғы белгіленген төлемдері бар тарату жүйесінің (defined benefit system) тұрақсыздығына байланысты жүргізілген болатын. Себебі, жұмыс істейтін жұмысшылардың біртіндеп азайып бара жатқан саны зейнеткерлердің күн санап ұлғайып жатқан қатарына зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуге мәжбүр болды. Таратушы жүйенің тұрақсыздығын соңғы 27,5 жылдағы (1995 жылдан 2023 жылдың маусымына дейін) мына деректер көрсетеді: 82 ел жарна мөлшерлемесін көтерді; 66 - зейнеткерлік жасты өсірді; 66 - берілетін жәрдемақы сомасын шектеді немесе қысқартты.

Соңғы бірнеше онжылдықта таратушы жүйесі бар және сонымен бірге әртүрлі нысандағы жеке жинақтау тетіктерін енгізген елдер саны 1999 жылы 17 болса 2022 жылы ол 51-ге дейін өсті.

Нәтижелер туралы айта отырып, Гильермо Артур жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істеген 40 жыл ішінде зейнетақы қорларының инвестициялық кірістілігі жылына орта есеппен 7,2% болғанын атап өтті. Бұл жұмысшылардың алғашқы буыны жинаған қаражаттың төрт есеге өскенін білдіреді. Чили жүйесі қолданылған Латын Америкасының өзге елдерінде тиімділік Чилидікіне ұқсас болды.

Зейнетақы жүйесін дамыту келешегін жариялай отырып, баяндамашы әлемде өмір сүру ұзақтығының өсу факторын ескере отырып, халықтың жұмыс істеу аясының жаңа нысандарын (өзін-өзі жұмыспен қамту, қашықтан формат) дамытумен қатар, зейнетақы жүйесінің табысты жұмыс істеуі үшін келесідей қадамдар жасау қажет екенін атап өтті:

  1. Жарналар мөлшерлемесін және зейнет жасын өсіру. 10% жарна мөлшерлемесі 40 жылдан бері бар, дегенмен сол кезеңдегі өмір сүру ұзақтығы ерлер үшін 55% және әйелдер үшін 48% өсті;
  2. Зейнетақыны қаржыландырудың балама тетіктерін іздеу;
  3. Міндетті жинақтарға қосымша ретінде ерікті зейнетақы жинақтарын көтермелеу.

 

Баяндамасын қорытындылай келе, Гильермо Артур зейнетақы реформасының сәтті болуы үшін төмендегі факторларды ескеру қажет екенін атап өтті:

- Таратушы жүйе демографиялық себептерге байланысты тұрақты емес, ал жинақтаушы жүйе зейнетақыларды қызметкерлердің салымдары есебінен ғана емес, сонымен қатар инвестициялық кіріс есебінен қаржыландыруға ықпал етеді, сондай-ақ, елдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосады;

- Зейнетақы ресурстарын басқару түсімді көбейтіп, шығынды азайтуға ынталандыратын бәсекелес ортада жүзеге асырылуы тиіс;

- Зейнетақыны қаржыландыру көздері әр түрлі болуы керек және бірнеше деңгейден тұрады:

  • салықтар есебінен қаржыландырылатын және халықтың әлеуметтік осал топтарына бағдарланған бірінші кезең
  • мөлшерлемесі өмір сүру ұзақтығына байланысты автоматты түрде қайта қаралатын міндетті зейнетақы жарналарын көздейтін екінші деңгей
  • міндетті жарналарды толықтыратын ерікті зейнетақы жарналарынан тұратын үшінші деңгей. Бұл ретте, автоматты түрде есепке алу сияқты мінез-құлық экономикасына негізделген механизмдерді қолданған жөн. Бұл жұмыс берушінің ресурстарымен толықтырылуы мүмкін жеке шотына ерікті зейнетақы жарналарын енгізу үшін жұмысшылардың жұмысқа орналасқан кезде автоматты түрде тіркелетінін білдіреді. Жұмысшылар, егер өздері қаласа, бұл міндеттен бас тарта алады. Іс жүзінде ерікті жарналарды автоматты түрде қабылдау енгізілген елдерде жою деңгейі салыстырмалы түрде төмен. Мысалы, ең дамыған автоматты жалдау жүйесі бар Ұлыбританияда жұмысшылардың 86%-дан 92%-на дейін жүйеде қалады, бар-жоғы 8%-дан 14%-ға дейін одан бас тартады.

         - Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің жалғыз мақсаты болуы керек – лайықты табыс алу және олардың сақталуын қамтамасыз ету. Ал ол инвестицияларды құралдар санаты, эмитенттер және жағрапиялық аумақтар бойынша сауатты әртараптандыруды талап етеді.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).