⚜️Мәдени мұра мен қазақтың салт-дәстүрін дәріптеуге бағытталған сайысқа облысқа қарасты
Ұлытау облысы, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жаңаарқа ауданының мемлекеттік қызметшілерінен құралған 5 команда қатысты.
⚜️Жаңаарқа ауданынан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Зәмзәгүл Тахауиева,
аудан әкімі аппаратының бас маманы (аудан әкімінің баспасөз хатшысы) Индира Рахымбаева және Байдалы би ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Тасболат Сәтбергенов қатысып, мемлекеттік қызметшілердің намысын қорғады.
⚜️Топтық байқаудың ережесі бойынша топ құрамында 3 мемлекеттік қызметкер болып, сайыс барысында мемлекеттік қызметшілер өзін, аймағын бейнеролик арқылы таныстырды және ұлттық тарихи-мәдени құндылықтар мен салт-дәстүр, бабалар тағылымы мен тәлімі жайлы білімдерін ортаға салды.
⚜️Байқаудың үшінші кезеңінде Абайдың “Сегіз аяқ” өлеңін оқу немесе ән жанрында орындау шеберлігі де бағаланды.
⚜️Жарыс қорытындысы бойынша Жаңаарқа ауданының мемлекеттік қызметшілерінен құралған “Сыр сандық шашуы” тобы бас жүлдені жеңіп алды.