ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 28 қыркүйегіндегі Конституциялық Заңының 24-бабының 5-тармағына сәйкес сайлаушы сайлау күні өзінің тіркелген жері бойынша дауыс беретін сайлау учаскесіне келе алмайтының білсе, онда сайлауға дейін отыз күннен кешіктірмей ол өзінің тұрған жерінде оны сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылы.   

Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары сайлаушылар тізімдерінің, сондай-ақ тиісті сайлау комиссиясы ұсынған сайлаушылар туралы мәліметтердің дұрыстығы үшін жауап береді.