«Еңбек жолы 2026» конкурсы

«Еңбек жолы 2026» конкурсы

2026 жылғы 22 мамыр мен 1 шілде аралығында «Еңбек жолы» конкурсына өтінімдер қабылданады. Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерден басқа барлық сала қызметкерлері қатыса алады.

Номинациялар:

  1. «Үздік еңбек әулеті» - бір ұйымдағы еңбек өтілі кемінде 20 жыл болатын, бірнеше ұрпақтан тұратын еңбек әулеті.
  2. «Үздік тәлімгер» - еңбек өтілі 20 жылдан кем емес үздік тәлімгер.
  3. «Үздік жас маман» - еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын белсенді жас қызметкер.

Қатысу үшін:

өтініш;

жеке куәлік көшірмесі;

1-2 минуттық бейнеролик;

1 минуттық презентация;

еңбек өтілін растайтын құжаттар;

ұсыным хат;

марапаттар мен сертификаттар көшірмелері (бар болса) тапсырылады.

Құжаттар қазақ немесе орыс тілінде 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін: «Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, мекенжайы: Жаңаарқа кенті., Тәуелсіздік даңғылы 5, 5-кабинет. Байланыс телефоны: 5-00-05.