Жаңадан ашылған «Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып 2026 жылдың 29 сәуірінен бастап Гулимай Далбаевна Накипова тағайындалды

Тағайындау Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалр бөлімінің басшысы Жулдыз Меркешовна Ускембекованың №22 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды.

         Накипова Гулимай Далбаевна 1975 жылы 3 ақпанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Қараағаш ауылдық округінде дүниеге келген, 51 жаста.

1999–2001 жылдары Қазақстан-Ресей Университетінің Халықаралық экология-гуманитарлық академиясында педагогика және психология мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1992 жылы Жаңаарқа ауданының Алғабас ауылдық округіндегі бастауыш орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1994–2004 жылдары Жаңаарқа кәсіптік-техникалық лицейінде зертханашы болып жұмыс істеген.

2004 жылдан бастап Жаңаарқа аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде әлеуметтік қызметкер, кейін кеңесші, меңгерушінің міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.

2005 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалған.

2026 жылдың 29 қаңтарынан бастап «Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы болып,  бүгінгі күнге дейін жұмыс атқарады.

2026 жылдың 29 сәуірінен  бастап «Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ директоры болып тағайындалды.