Баспасөз аңдатпасы

Баспасөз аңдатпасы

«Ашық есік күні»:

БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады 

 2026 жылдың 28 сәуірінде 11.00 сағ. (қаз.), 12.00 сағ. (орыс.), 15.00 сағ. (қаз.), 16.00 сағ. (орыс.) 

«БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күні" дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. 

Іс-шара тақырыбы: "БЖЗҚ инвестициялық порталы – зейнетақы активтері туралы ақпарат".

Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:

  • платформа қалай жұмыс істейді;
  • зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;
  • инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;
  • басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;
  • өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;
  • салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.

Негізгі күн тәртібінен бөлек, қатысушылар білікті мамандардан жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сауалдарына ақыл-кеңес ала алады. 

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. 

Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m034cab05a6942182c25fe3e0fdad63aa

Еvent-мәжіліс нөмірі: 2514 331 7334

Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 123456