Жаңаарқа ауданындағы халықтың мобильділігі төмен топтары үшін инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар

Жаңаарқа ауданындағы халықтың мобильділігі төмен топтары үшін инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар

2026 жылғы 4 наурызда Жаңаарқа ауданының әкімі Қанат Шубайұлы Қожықаевтың төрағалығымен  Жаңаарқа кентінде халықтың мобильділігі төмен топтары үшін инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың орындалуы туралы отырыс өтті.

  Бұл отырысқа мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

  Күн тәртібіндеаудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.М.Ускембекованың ақпараты тыңдалды.

 Аудан  әкімі Қ.Қожықаев тиісті мекемелерге тапсырмаларын берді.

  1. Барлық мекеме басшыларына 2026 жылдың тамыз айына дейін бейімдеу жұмыстарының толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.
  2. Әрбір сала бойынша жауапты басшылар нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеп, тоқсан сайын есепті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынып отырады.
  3. Хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелді.

                                                        Ақпарат үшін

         Қолжетімділік нормалары Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII «Әлеуметтік кодексінің» 13-тарауы 154-бабының 6) тармақшасына сәйкес:

  • Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін ғимараттар мен инфрақұрылымға тең және еркін қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс.
  • Барлық әлеуметтік, мәдени, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету нысандары пандустармен, көтергіш құрылғылармен, арнайы санитарлық бөлмелермен жабдықталуы қажет.
  • Көру қабілеті шектеулі азаматтар үшін тактильді бағыттағыштар, Брайль қарпімен жазылған ақпараттық тақтайшалар, дыбыстық хабарламалар орнатылуы міндетті.
  • Есту қабілеті шектеулі азаматтар үшін дыбыстық сигналдар мен визуалды ақпараттық белгілер қарастырылуы тиіс.
  • Қоғамдық көліктер мен аялдамаларда арнайы орындар, төмен еденді автобустар, дыбыстық және жарықтық хабарламалар болуы қажет.
  • Қызмет көрсету орындарында ақпарат қолжетімді форматта (қарапайым тілде, суреттермен, аудио немесе бейне нұсқада) ұсынылуы тиіс.
  • Мүгедектігі бар адамдардың объекті аумағына қолжетімділігін қамтамасыз ету (жерасты көлік қоятын орын, такси және автобус аялдамалары, әкімшілік ғимарат, вокзал, сауда орталықтары "Мүгедек" тану белгісі бар тұрақ орындары
  • Барлық жаңа салынатын ғимараттар мен нысандар қолжетімділік талаптарына сәйкес жобалануы және пайдалануға берілгенде міндетті түрде бейімделуі қажет.

            Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады.