«Еңбек жолы» конкурсы

«Еңбек жолы» конкурсы

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамның идеясын ілгерлету мақсатында «Еңбек жолы» конкурсы жыл сайын өткізілуде.

Конкрус 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық деңгейде іріктеледі.

Конкурс үш номинация бойынша өтті: «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы».

Конкурстын өткізу мақсаты: ұрпақтар сабақтастығын сақтау; еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау; жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу; қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру. 

2025 жылдың 28 шілдесінде Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы комиссия 2025 жылға арналған «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі облыстық кезеңінің қорытындысын жариялады.

Жаңаарқа ауданынан қатысқан үміткерлер екі номинация бойынша 1 – орындар иегері атанды.

  • «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Мусабековтар әулеті - 1 орын.

Мусабековтер әулеті  – теміржол машинистері, еліміздің теміржол саласына үш ұрпақ бойы қызмет етіп келе жатқан, теміржолға адалдық пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсеткен нағыз еңбек әулеті. Бұл әулеттің теміржол саласындағы еңбек өтілі 205 жылдан асады және олар Қазақстан теміржол көлігінің  дамыуына елеулі үлес қосып келеді.

  • «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша Курманбеков Дулат Серикбаевич 1 орын.

Курманбеков Дулат Серикбаевич 1980 жылдан «Казахтелеком» акционерлік қоғамында Жаңаарқа желілік учаскісінің элетромонтері лауазымында, станциялық жабдықтарға қызмет көрсету бойынша жұмыстар атқарады. Дулат Серикбаевичтен 45 жыл қызмет атқарған уақытында 15 тен астам жас мамандар білім алған.

Республикалық деңгейде конкурс жеңімпаздарын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы ұлттық комиссия анықтайды.

«Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың желтоқсан айында Жұмысшы мамандықтары жылының жабылуына арналған шарада өткізіледі деп жоспарлануда.