Жиынтық кесте жасалған күні: 12.08.2025 ж.
Жиынтық кесте жасалған орын: Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, бульвар Ғарышкерлер 15, «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша экология департаменті» РММ
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: «Ұлытау облысы бойынша экология департаменті» РММ
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 31.07.2025 ж.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 31.07.2025 ж. – 07.08.2025 ж.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:
№
Мүдделі мемлекеттік орган және жұртшылық
Ескерту немесе ұсыныстар
Ескерту немесе ұсыныс қалай ескерілгені немесе ескерту немесе ұсыныс ескерілмегені туралы мәліметтер
1.
«Ұлытау ауданы
әкімінің аппараты» ММ
Белгіленген қызметке қатысты осы жоба бойынша ұсыныстар мен ескертулер ұсынылған жоқ.
2.
«Ұлытау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
1.Жоспарланған қызметті жүзеге асыру кезінде атмосфералық ауаға, топыраққа, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне теріс әсер ету қаупін жою қажет.
2. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 және 17-баптарының талаптарын сақтау қажет.
3. Қазақстан Республикасы Экологияқ кодексінің 238-бабының 1-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жерді пайдалану кезінде жердің ластануына, жер бетінің қоқыстануына, топырақтың тозуына және құнарсыздануына жол бермеуге тиіс, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатының біржола жоғалуын болғызбау үшін қажет болған жағдайда оны алуды және сақтауды қамтамасыз етуге міндетті. Жоғарыда аталған талаптарды жүзеге асыру бойынша шараларды қамтамасыз ету.
4. Жоспарлы жұмыстарды орындау кезінде жақын маңдағы елді мекенге қатысты желдің көтерілуін ескеру қажет.
5. Қоршаған ортаға қолайсыз әсер етудің ықтимал нысандарын болдырмау, жою және азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету , сондай-ақ оның зардаптарын жою, атмосфералық ауаны қорғау, су экожүйелеріне әсер етуден қорғау, су объектілерін қорғау, жерді қорғау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, қалдықтармен жұмыс істеу, радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік, басқару жүйелерін және қолжетімді озық технологияларды енгізу.
Сонымен қатар, «Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінен, «Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінен келісім алу керектігін хабарлайды.
3.
ҚР ӨжҚМ ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті
Белгіленген қызметке қатысты осы жоба бойынша ұсыныстар мен ескертулер ұсынылған жоқ.
4.
«Су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік
инспекциясы» РММ
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 24-бабына сәйкес, Инспекция құрылыс қызметімен, орман өсірумен, жер қойнауын пайдалануға байланысты операциялармен, ұңғымалар бұрғылаумен, жер үсті су объектілерін сауықтырумен, су шаруашылығы мелиорациясымен, ауыл шаруашылығы және өзге де жұмыстармен байланысты
қызметтерді су объектілерінде, су қорғау аймақтарында және жолағында келісуге тиіс.
Ұсынылған материалдарға сәйкес, қаралып отырған нысан Сарысу өзені ауданында орналасқан. Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 43/01 қаулысымен Сарысу өзенінің су қорғау аймақтары мен жолағы шегінде шаруашылықты пайдалану режимі белгіленген.
Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес, атап айтқанда:
•
ҚР Су кодексінің 86-бабына сәйкес, су қорғау жолағында кез келген шаруашылық қызмет түрлерін жүргізуге, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызмет түрлерін жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады; су қорғау аймақтарында ауыл шаруашылығы жануарларын нормадан тыс жаюға, мал шаруашылығы кешендерін, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдары), мал көметін орындарды (биотермиялық шұңқырлар), пестицидтер мен олардың ыдыстарына арналған арнайы қоймаларды (көмбе орындар) орналастыруға тыйым салынады;
•
ҚР Су кодексінің 92-бабының 5-тармағына сәйкес, ауыз су ретінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты суларының кен орындары мен учаскелерінің контурларында жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге, радиоактивті және химиялық қалдықтарды көмуге, қоқыс үйінділерін, зираттарды, мал көметін орындарды (биотермиялық шұңқырлар) және жерасты суларының жағдайына әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ҚР су заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында, сондай-ақ Инспекциядан келісім алу қажеттілігін қарау үшін жобаланатын жұмыстардың Сарысу өзенінің белгіленген су қорғау аймақтары мен жолағына қатысты орналасу сызбасын, сондай-ақ осы аумақта ауыз су ретінде жарамды жерасты су кен орындарының контурларының бар-жоғы туралы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ақпаратын ұсыну қажет.
5.
«Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ
аталған аумақ мемлекеттік орман қоры мен заңды мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінен тыс жерде және «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның 05.08.2025 жылғы № 13-12/1256 жауабына сәйкес, бұл аумақ Республикалық маңызы бар «Андасай» мемлекеттік табиғи қаумалының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жерлеріне кіретінін ескерте отырып, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 23-бабының 3-тармағына сәйкес Азаматтық қорғау іс-шараларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кез келген қызметке тыйым салынатыны жөнінде хабарлайды және осы аталған мәселе бойынша толық ақпаратты білу үшін Алматы қаласы, В.Бартольд 157В мекен жайында орналасқан «Охотзоопром ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен байланысқа шығуды ұсынады. (Бас директоры – Р.Я. Тлевлесов, тел: +7 727 224 8140). Сонымен қатар, сұратылып отырған аумақта сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген жабайы құстардан (дуадақ, безгелдек, бұлдырық) кездесетінін және ақбөкендердің маусымдық қоныс аудару жолдары болып табылатынын растайды. Жоғарыда көрсетілген ақпараттарға сәйкес, Қазақстан Республикасының Эко логиялық кодексінің 240, 241, 242, 245, 246, 257, 260, 262, 263, 266 баптарына сәйкес «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына» енгізілген өсімдіктер мен жануарла рдың сирек кездесетін түрлерінің және жабайы жануарлардың көші-қон жолдарыны ң барлау аумағында болған жағдайында биоәртүрлілікті
сақтау және оларды жоғалт у кезінде өтемақы төлеу жөніндегі шаралар әзірленуге тиіс. Олардың тізбесі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республик асы Заңының 12 және 17-баптарында айқындалған.
6.
«Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары
басқармасы» ММ
Белгіленген қызметке қатысты осы жоба бойынша ұсыныстар мен ескертулер ұсынылған жоқ.
7.
«Ұлытау облысының ветеринария
басқармасы» ММ
Хатта аталған қазу жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу алдында, белгіленген жердің нақты координаттарын(Северная широта, Восточная долгата) көрсете отырып, жоспарланған аумақтың 1000 метр қашықтықта Сібір жарасы көміндісі және мал қорымдарының бар-жоқ туралы ақпарат алу үшін басқармаға жүгіну керек екендігін жеткізеді.
8.
«Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі
басқармасы» ММ
Белгіленген қызметке қатысты осы жоба бойынша ұсыныстар мен ескертулер ұсынылған жоқ.
9.
«Ұлытау облысының
санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті» РММ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 "Адамның өмір сүру ортасы менденсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары талаптарын, «Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарын және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарын сақталуын ұсынамыз.
10.
«Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік басқармасы» ММ
Белгіленген қызметке қатысты осы жоба бойынша ұсыныстар мен ескертулер ұсынылған жоқ.
11.
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік
Комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» РММ
Белгіленген қызметке қатысты осы жоба бойынша ұсыныстар мен ескертулер ұсынылған жоқ.
12.
«Ұлытау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті» ММ
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №454 бұйрығымен бекітілген «Қауіпті өндірістік объектілерді салу, кеңейту, қайта жаңарту, жаңғырту, консервациялау және жою бойынша жобалық құжаттаманы келісу қағидаларына», сондай-ақ 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 70, 71 және 78-баптарына сәйкес, «ЖЕҢІС АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ЖШС аумақтық уәкілетті органда есепке қарастыруға жатпайды, себебі бордақылау алаңының құрылысы қауіпті өндірістік объект болып табылмайды. Осыған байланысты, бордақылау алаңын келісу және тіркеу Ұлытау облысы ТЖД-нің құзыретіне кірмейді.
13.
«Ұлытау облысы бойынша экология департаменті» РММ
1.
ҚР ЭК 211-бабы 2-тармағының талаптары, I және II санаттағы объектілерде авариялық жағдай туындаған кезде, нәтижесінде белгіленген экологиялық нормативтердің бұзылуы орын алса немесе орын алуы мүмкін болса, объектінің операторы шұғыл, бірақ кез келген жағдайда авариялық жағдай анықталған сәттен бастап екі сағаттан аспайтын мерзімде бұл туралы Күзет саласындағы уәкілетті органға хабарлауға міндетті тиісті стационарлық көздерді немесе тұтастай алғанда объектіні пайдалануды ішінара немесе толық тоқтатуға дейін
атмосфералық ауаның ластануын болдырмау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау, сондай-ақ осындай авариялық жағдайдан туындаған қоршаған орта үшін жағымсыз салдарларды жою бойынша.
2.
ҚР ЭК 182-бабы 1-тармағының талаптары, I және II санаттағы объектілердің операторлары өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
3.
ҚР ЭК 238-бабы 2-тармағының талаптары, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ жерді бұзумен байланысты Құрылыс және басқа да жұмыстарды орындау кезінде өзге де тұлғалар міндетті:
* иеленіп жатқан жер учаскелерін олардың мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйде ұстауға;
* жердің бұзылуына байланысты жұмыстар басталғанға дейін топырақтың құнарлы қабатын алып тастап, оның сақталуын және одан әрі Бүлінген жерлерді қалпына келтіру мақсатында пайдаланылуын қамтамасыз ету;
* бұзылған жерлерді қалпына келтіруді жүргізу.
4.
ҚР ЭК 320-бабы 2-тармағының талаптары, қалдықтарды жинау орындары:
* қалдықтарды жинау (Мамандандырылған ұйымдарға беру) немесе осы қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіге өз бетінше әкету күніне дейін алты айдан аспайтын мерзімге түзілу орнында уақытша сақтау;
* пайдаланудан шыққан көлік құралдарын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, қауіпті емес қалдықтарды жинау процесінде (контейнерлерде, ауыстырып тиеу және сұрыптау станцияларында) оларды осы қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіге әкету күніне дейін үш айдан аспайтын мерзімге уақытша сақтау;
* осы қалдықтар жою немесе қалпына келтіру жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіде қалдықтарды қалпына келтіруге немесе жоюға жіберілгенге дейін алты айдан аспайтын мерзімге уақытша сақтау. Пайдаланудан шыққан көлік құралдары және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы үшін оларды жинау процесінде уақытша сақтау мерзімі алты айдан аспауға тиіс;
* тау-кен өндіру және тау-кен өңдеу өндірістерінің қалдықтарын, оның ішінде металлургия және химия-металлургия өндірістерінің қалдықтарын қалпына келтіруге немесе жоюға жіберілген күнге дейін он екі айдан аспайтын мерзімге олардың пайда болған жерінде уақытша сақтау.
5.
ҚР ЭК 320-бабы 3-тармағының талаптары, қалдықтарды жинақтауға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес арнайы белгіленген және жабдықталған орындарда (алаңдарда, қоймаларда, қоймаларда, контейнерлерде және өзге де сақтау объектілерінде) ғана рұқсат етіледі.
6.
М. а. бұйрығымен бекітілген "адамның мекендеу ортасына және денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғау аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) 50-тармағының талаптары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 СҚА IV және V қауіптілік сыныптары объектілері үшін (санитариялық сыныптау бойынша) ең жоғары көгалдандыру – алаңның кемінде 60%–,, ІІ және ІІІ қауіптілік сыныптары объектілері үшін СҚА-алаңның кемінде 50% -,, І қауіптілік сыныптары объектілері үшін СҚА-алаңның кемінде 50% - не көздейді тұрғын үй
құрылысы жағынан ағаш-бұта екпелерінің жолағын міндетті түрде ұйымдастыра отырып, алаңның 40% - дан азы. СҚА алаңын көгалдандырудың көрсетілген үлес салмағын орындау мүмкін болмаған кезде (объектілермен тығыз құрылыс салу кезінде, сондай-ақ объект елді мекендерден, шөлді және шөлейтті жерлерде қашықтықта орналасқан кезде), жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша, СҚА жобасында міндетті негіздемемен, құрылыс салудан бос аумақтарды және жақын елді мекендердің аумақтарын көгалдандыруға жол беріледі. қауіптілігі III сыныпты санитариялық қорғау аймағының объектілері үшін СҚА алаңының кемінде 50% -. көгалдандыру көзделуге тиіс. Тиісінше, СҚА алаңының кемінде 40% нәтижеге қол жеткізе отырып, іс-шараларды көздеу қажет. СҚА алаңын көгалдандырудың көрсетілген үлес салмағын орындау мүмкін болмаған кезде (объектілермен тығыз құрылыс салу кезінде, сондай-ақ объект елді мекендерден, шөлді және шөлейтті жерлерде қашықтықта орналасқан кезде), жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша, СҚА жобасында міндетті негіздемемен, жақын елді мекендердің құрылыс салудан бос аумақтары мен аумақтарын көгалдандыруға жол беріледі. СҚА-ның нақты параметрлері(СҚА мөлшері га, қолданыстағы көгалдандыру дәрежесі га, көгалдандыру%, өмір сүру%). Рұқсат алу кезінде алдағы 3 жыл ішінде көгалдандыру шарттарының орындалуын қамтамасыз ету қажет, оны санитарлық ережелердің 50-тармағын сақтау шеңберінде ұсыну қажет.
7.
ҚР ЭК 238-бабы 2-тармағының 1-тармағы, жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде, сондай-ақ жерді бұзумен байланысты Құрылыс және басқа да жұмыстарды орындау кезінде өзге де тұлғалар міндетті:
1) иеленіп отырған жер учаскелерін олардың мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйде ұстауға;
2) жердің бұзылуына байланысты жұмыстар басталғанға дейін топырақтың құнарлы қабатын алып тастауға және оның сақталуын және одан әрі Бүлінген жерлерді рекультивациялау мақсатында пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндетті;
3) бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізуге міндетті.
8.
ҚР ЭК 238-бабы 3-тармағының 1-тармағына жер қойнауын пайдалану, жерді бұзумен байланысты Құрылыс және басқа да жұмыстарды орындау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тыйым салынады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге, Құрылыс және басқа да тиісті жұмыстарды орындауға бөлінген жер учаскелерінен (жерлерден) тыс жерлерде өсімдік жамылғысы мен топырақ қабатын бұзу;
2) топырақтың құнарлы қабатын сату немесе оны басқа тұлғалардың меншігіне беру мақсатында Алып тастау.
9.
ҚР ЭК 239-бабы 5-тармағы, тірі организмдердің генетикалық қорын жою, Биоәртүрлілікті жоғалту және экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін бұзу қаупін туғызатын қызметке тыйым салынады.
10.
ҚР ЭК 262-бабы 3-тармағының талаптары, қорғау аймағы шегінде мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандардың жай-күйіне теріс әсер ететін қызметке тыйым салынады.
14.
Жұртшылық
Белгіленген қызметке қатысты осы жоба бойынша ұсыныстар мен ескертулер ұсынылған жоқ.