2026 жылғы 14 қаңтардағы Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясының №1 ҚАУЛЫСЫ

Жаңаарқа ауданының Айнабұлақ

ауылдық округі әкімінің сайлауын

тағайындау туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113–1  бабының 1– тармағының 2) тармақшасына, 3–тармағына сәйкес Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жаңаарқа ауданының Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 22 ақпанға тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 22 ақпанға тағайындалған Жаңаарқа ауданының Айнабұлақ ауылдық округ әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет парақшасында және аудандық «Жаңаарқа» газетінде жариялансын.

 

Комиссиясының төрағасы                                                      М.Мукатаев

 Комиссия хатшысы                                                                  И.Даулетов

 

Дата публикации
14 января 2026