Орынбай ауылында аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Мұқанов Қанат Бейсенұлы ауыл тұрғындарымен кездесу

Орынбай ауылында аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Мұқанов Қанат Бейсенұлы ауыл тұрғындарымен кездесу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ САУЛЫҒЫ– БАСТЫ НАЗАРДА

🔹Орынбай ауылында аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Мұқанов Қанат Бейсенұлы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауыл шаруашылығы жануарлары арасында кездесетін аурулардың алдын алу бағытында кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

🔹Кездесу барысында мал арасында жиі кездесетін жұқпалы және жұқпалы емес ауру түрлері, олардың пайда болу себептері, таралу жолдары және алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, мал иелеріне ветеринариялық талаптарды сақтау, уақытылы екпе салдыру, малды күтіп-бағу ережелерін дұрыс орындау қажеттігі ерекше атап өтілді.

🔹Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала маманынан нақты жауаптар алды. Осындай түсіндірме жұмыстарының басты мақсаты – ауыл шаруашылығы жануарларының саулығын сақтау, аурулардың алдын алу және халықтың ветеринариялық сауаттылығын арттыру болып табылады.